Анасы байқамай қалған: Оралда асқазанында түйреуіш ашылып кетіп көз жұмған сәби өлімінің мән-жайы анықталды

0 339

Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәбидің өліміне қатысты ақпарат анықталды.

 

Облыстық балалар ауруханасы директорының медицина ісі жөніндегі орынбасары Юлия Горячева 9 қарашада қызды ауруханаға жедел жәрдем дәрігерлері әкелгенін айтты.

“Сәбиді қабылдау бөлмесінде бірден тексерген соң, ауыр жағдайына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды. Рентгеноскопия жасалды, ол баланың асқазан-ішек жолында ашық түрде түйреуіш бар екенін анықтады. Анасы, бір өкініштісі, түйреуішті қашан және қалай жұтып қойғанын байқамаған. Ол дәрігерлерге баланың тынымсыз екенін және бір апта ішінде нәжісінің бұзылғанын айтқан»,  – деді Юлия Горячева.

Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай баланы құтқару мүмкін болмаған. Сәби сол күні сағат 23:00 шамасында бала көз жұмды. Облыстық ПД-да адам өлімі фактісі бойынша іс тіркелгені нақтыланды. Трагедияның басқа да егжей-тегжейлері анықталуда.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.