«Төтенше жағдай үшін керек»: Министр Қазақстанға жаңа ұшақтар қажет екенін айтты

0 330

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ұшақтардың жетіспеушілігі туралы айтты.

 

“Бүгінгі таңда ТЖМ-де тек тікұшақ авиациясы бар. Аспанға көтерілуге құқығы мен мүмкіндігі бар бірде-бір әуе кемесі бізде жоқ. Олардың барлығы қазірдің өзінде жарамсыз болып қалды, – деді ТЖМ басшысы Үкімет сағаты кезінде.

Оның айтуынша, апаттар мен ТЖ кезінде шұғыл қажет болған жағдайда күштер мен құралдар қажетті өңірге күш жіберу үшін Қазақстанның өз ұшақтары болуы қажет.

Министр биыл Қазақстан ТЖМ Түркиядағы өртті сөндіру үшін екі тікұшақ жібергенін еске салды. Қазақстандық құтқарушыларға 4,5 мың шақырым тікұшақтарды тек бір бағытта ғана жіберуге тура келді.

Ол жыл соңына дейін МИ-8 МТ алты борт, ал келесі жылы тағы бесеуін ТЖМ алатынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.