11 жыл қазақ тілін оқыған бала неге қазақша сөйлей алмайды?

0 104

Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жауап берді.

Мектепте 11 жыл қазақ тілін оқығанымен, оны еркін меңгере алмайтын оқушылар бар. Бұған не себеп? Оқу бағдарламасын күшейту немесе қосымша сабақ енгізу мәселені шеше ме? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жауап берді, деп хабарлайды

Министрдің айтуынша, қазақ тілін оқытуға арналған арнайы бағдарламалар бар және тіл пәндерінің сағат саны қалыпты деңгейде.

«Жыл сайын лингвистикалық пәндер бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырамыз. 2016 жылға дейінгі стандартта грамматикаға көп көңіл бөлінетін. Бүгінде орфографиялық, морфологиялық, фонетикалық мәселелермен қатар, балалардың жалпы коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер қарастырылып жатыр. Биыл бастауыш білім мазмұнын қайта қарадық. Соның ішінде 1-2 және 3-4 сыныптардағы тілдік бағыттағы пәндер жаңартылды. Мұнда коммуникацияға көп көңіл бөлдік. Сондықтан бұл мәселе кезең-кезеңімен шешіледі деп ойлаймын. Қазір 5-сыныптан 9-сыныпқа дейінгі бағдарламаларды қайта қарап жатырмыз. Бұл жерде де коммуникативтік әдіс әрі қарай жалғасатын болады», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Аралас мектептің әсері бар ма?

Қазақ тілін меңгеру деңгейіне аралас мектептердің ықпалы бар ма деген сұраққа министр бұл факторды негізгі себеп деп санамайтынын айтты.

«Мен бұл мәселеде олардың әсері бар деп ойламаймын. Жалпы, бағдарламалар жетілдірілуі қажет. Бүгінде коммуникативтік дағды, сонымен бірге сын тұрғысынан ойлау мәселелеріне байланысты бағдарламалар қайта қаралуда. Биыл «Оқитын зерделі ұлт» бағдарламасы аясында бастауыш сыныптарда бір минутта тез оқу, оқыған дүниені түсініп, түйсініп оқуға байланысты жаңа форматтағы тапсырмаларды енгізіп жатырмыз», – деді министр.

Оның айтуынша, оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру үшін диктант, мазмұндама және шығарма жұмыстары да қайта күшейтіліп жатыр.

«Жазу дағдыларындағы грамматиканы тереңінен меңгерту үшін бастауышта диктант, мазмұндама, шығарманы нақтылап, аралық бақылауға енгізіп қойдық. Оны қалай бағалау керек, қанша сөз жазылуы керек, қандай тақырыптар болады деген мәселелерді де қайта қарап жатырмыз», – деді ол.

Министр қазақ тілін меңгертуде көркем әдебиеттің маңызына да тоқталды. Қазір Оқу-ағарту министрлігі қосымша көркем әдебиеттер мен көркем шығармалар тізімін қайта қарап жатыр.

«Мұның негізгі мақсаты – балаларымыздың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен бірге оқу сауаттылығын арттыруға арналған нақты жұмыстар бар. Бұл бағытта Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары, сарапшылар, сонымен бірге осы пәндерден сабақ беретін практик мұғалімдермен осы жаз бойы жұмыс жасадық», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазақ тілін мектепте 11 жыл оқып, бірақ еркін сөйлей алмау мәселесін шешуде басты бағыт – сабақ сағатын көбейту емес, оқыту әдістемесін өзгертіп, баланың қазақ тілінде сөйлеп, оқып, түсініп және өз ойын жеткізуіне жағдай жасау.

Яғни жаңартылып жатқан бағдарламаларда грамматиканы меңгертумен қатар, оқушының нақты тілдік ортада қазақ тілін қолдануына басымдық берілмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.

Qaz365.kz.

anatili.kazgazeta.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.