Астанада «Өрлеу» БАҰО-ның жаңа филиалы ашылды

0 84
📌Елордада «Өрлеу» БАҰО-ның қалалық филиалы — Кәсіби даму институты ресми түрде жұмысын бастады. Ашылу рәсіміне Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жаңа кеңістіктің мүмкіндіктерімен танысты.
👤 «Өрлеу» БАҰО-ның Астана қаласындағы жаңа филиалының директоры болып Ерлан Қалмақов тағайындалды. Ол әр жылдары ішкі және жастар саясаты салаларында еңбек етіп, Қостанай облысының мәдениет және дін істері жөніндегі басқармаларын басқарған. 2024-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры қызметін атқарды.
✍️Институтта жобалық және зерттеушілік оқыту, STEM және пәнаралық оқыту, оқу және кәсіби даму кабинеттері, «Ыбырай Алтынсарин» кабинеті мен дыбыс жазу студиясы жасақталған.
🤖Филиал жұмысының негізгі бағыттарының бірі — жасанды интеллект пен STEM технологияларын педагогтердің тәжірибесіне енгізу. Жергілікті сервер, VR-жабдықтар мен 3D-принтер мұғалімдерге жаңа технологияларды теория жүзінде ғана емес, тәжірибе барысында меңгеруге мүмкіндік береді.
💬Ашылу рәсімі педагогтермен өткен «Кәсіби диалог» алаңымен жалғасты. Кездесуде кәсіби даму, білім сапасын арттыру және мұғалімдерді қолдаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.