Дәурен Айдарқұлов кіші қажылыққа аттанды

0 300

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі ядролық энергетиканы дамыту саласындағы жоспарларымен бөлісті.

Оның айтуынша, қазір Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық мемлекеттік университетінде ядролық саланың болашақ мамандары оқытылуда.

«Бізде Ресейдегі Томскте орналасқан университетке қарағанда үлкен әлеует бар. Бізде ядролық индустрияның толық циклі бар. Біз жылу бөлгіш құрамалар шығаратын зауытты іске қостық. Бұл –  барлық ядролық тізбектің түпкі қорытындысы. Қазақстан осы бірегей нысанды пайдалануға бере отырып, ядролық өндірістің толық аяқталу цикліне ие болады», – деп мәлімдеді Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Ахметов сондай-ақ бүкіл әлем көміртекті бейтараптықтың өзекті мәселесін шешетінін ескере отырып, көптеген адамдар атом энергетикасына назар аударатынын айтты.

«Қазақстан әлемдегі ядролық станциялардың негізгі отын жеткізушілерінің біріне айналады», – деді әкім.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.