Зеленский: Мені басты нысаналарына алды

0 662

Украина президенті Владимир Зеленский 25 ақпанда кезекті бейнеүндеу жариялап, өзінің Киевтен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зеленский отбасының қазір мемлекет астанасында екенін, алайда қауіпке байланысты нақты қай жерде екенін айта алмайтынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысының сөзінше, арнайы қызмет Киевке диверсанттар тобының кіріп кеткенін мәлімдеген.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жауымыз мені басты нысаналарына алды, ал отбасым екінші орында тұр. Олар президенттің көзін жою арқылы Украина саяси тұрғыдан құлатпақшы», – деп қосты Зеленский.

Айта кетейік, бұған дейін Зеленский елде жалпы мобилизация енгізген еді. Бұдан кейін Байден арнайы сөз сөйлеп, Ресеге қарсы санкицяларды жариялаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.