Сәтпаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты 46 фигурантқа төрт жыл шартты түрде жаза берілуі мүмкін

0 374

Қарағанды облысы Сәтпаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша 55 айыпталушының тоғызы үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Прокурорлар бүгін осы іске қатысты деген 46 фигурантқа төрт жыл шартты түрде жаза беруді сұрады. Бұған дейін 55 айыпталушы Қарағанды облысының ювеналды сотында процессуалдық келісімге келген еді. Бұл келісім оларға үкімді жеңілдетуге немесе кейбір жағдайларда жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік бермек.

Естеріңізге сала кетейік, 5 жастағы қыздың мәселесіне қатысты қала тұрғындары наразылық білдіріп, арты тәртіпсіздікке ұласқан. Былтыр шілдеде бес жасар бүлдіршін жоғалып, 62 жастағы азаматтың пәтерінен табылған. Тас-таяқпен қаруланған қала тұрғындары күдіктіні өз беттерімен жазаламақ болып, қаланың астан-кестенің шығарған еді.

Ал былтыр қазанда бүлдіршінді зорлады деп айыпталған күдікті тергеу изоляторында жіпке ілінген күйінде табылды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.