Жамбылдық жастар жауапкершілік жүгін сезінер емес

0 232

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, сондай-ақ жасөспірімдердің бос уақытын өткізу ережелерін түсіндіру мақсатында Жамбыл облысының ювеналды полиция инспекторлары мобильді топтардың алдын алу жұмыстарын жандандыруда.

«Көктем-белсенді демалыс кезеңі, өзендерге, көлдерге, жағажайларға және қала сыртындағы көздерге бару кезеңі. Біз өткізетін кешенді іс-шаралар, бірінші кезекте, балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне бағытталған. Осыған байланысты инспекторлар жастар көп жиналатын орындарға қатысты  рейдтер жүргізеді және демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы, осы мақсатқа  арналмаған су айдындарында шомылуға тыйым салу туралы ескертеді.Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін әрбір ата – ана балаларының бос уақыттарына көңіл бөлуі тиіс», – деді Жамбыл облысының  ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Ашкеев.

Сондай-ақ, спикер бұл жұмыста облыстық ТЖ жедел-құтқару жасағымен, білім басқармасымен және денсаулық сақтау органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жүріп жатқанын атап өтті.

«Сонымен қатар, инспекторлар балаларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы ескертеді: яғни,  ата-анасының қарауынсыз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салынады. 2021 жылғы 3-9 мамыр аралығында 69 рейд жүргізілді, оның барысында 147 кәмелетке толмаған бала ІІО – ға жеткізілді, 245 ата – ана мен өзге де ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп сөзін қорытындылады полиция полковнигі Рахымберді  Ашкеев.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.