«Сапсан» жедел қызметі мамандарына доқ көрсетіп жүрген кімдер?

0 160

Мамандандырылған «Сапсан» желдел қызметі мекемесінде 21 адам қызмет етсе, оның ішінде директор, бөлім басшысы, бас есепші, заңгер, диспечер, жүргізуші және 15 инспектор бар екен. Олардың міндеті – қоршаған ортаны, табиғат ресурстарын, ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау.

Мұны сөз етіп отырған себебіміз өсімдіктер дүниесін қорғау, күзету және мемлекеттік орман қоры жерлерінде 4 430,7 мың гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы 3 715,4 мың гектар, еркін аймақтардағы 2 094,6 мың гектар жер аумағында ҚР заң талаптарына сәйкес қасақылыққа қарсы құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу жұмыстарын атқаратын оларға да кейде доқ көрсететіндер бар екен. Бұл туралы мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің директоры Абай Кенжебек облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрғағалығымен «Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің жұмысын қарау туралы» өткен жиында мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған мекеме қызметкерлері қасақылықпен күресте, мемлекеттік орман қоры мен аңшылық алқаптардың және балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің резервтік қоры аумағында жануарлар дүниесін қорғау мақсатында жыл басынан бері 58 рейд пен тексерулер жүргізіпті. Осы арқылы табиғат қорғау заңдарының талаптарын бұзғандардың үстінен 62 хаттама толтырған. Ал былтыр 95 рейд жасалып, 107 хаттама толтырылған екен.

– Мекеме инспекторлары тарапынан салынған айыппұл мөлшері жалпы алғанда 8,9 миллион теңгені құрап, оның ішінде 1,2 миллион теңге қазына қаржысы үшіне өндірілді. Қалған 7,7 миллион теңге өндірілу үстінде.

Сонымен қатар, 4 заңсыз пайдаланылған аңшы мылтығы тәркіленіп, Полиция департаментіне өткізілді. Бүгінгі таңда заң бұзушылыққа қарсы 4 қылмыстық іс қозғалды. Онда заңсыз аң аулау, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген қарақұйрық, бұлдырық сондай-ақ, рұқсат қағаз құжатынсыз аулауға заңмен тиым салынған тау ешкі, жабайы доңыз, қоян сынды аңдар, пайдалануға тыйым салынған балықтар мен жануарлар түрлерін қыру фактілері тіркелген. Аталған қылмыстық істерге қатысты ҚР ҚК-нің 339-ы, 337-і, 334-і және 340-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Атап өткеніміздей, қызыл кітапқа енген жануарлар түрлеріне қасақылық жасағандар саныда артып отыр.

Бір айта кетер жайт, біз құрықтаған заңсыз аң аулаушылардың арасында кейде орман сеніп тапсырылған қорықшылардың да бар болуы алаңдатады. Мәселен бір ауданнда инспектор брокенерлерге жол бастаушы болып жүріп ұсталса, тағы бір ауданның қорықшысы баласы екеуі қызыл кітапқа енген жануарларды аулап жүріп қолға түсті. Кей жағдайда тәп-тәуір шені бар полиция қызметкері секілді лауазымды азаматтар да қолға түсіп, заңға бағынғысы келмей біздің жігіттерге қол көтерген кезі де болды. Десе де біз заң бәріне ортақ екенін ескерте отырып, қолға түскендердің барлығының үстінен хаттама толтырып, заң адамдарын өткіздік, – деді Абай Толетайұлы.

Өз кезегінде Бердібек Машбекұлы А.Кенжебекке өз қызметкерлерінің таза болуын баса тапсыра отырып, өңірімізде заңсыз аң аулап жүрген дөкейлеркезіксе олардың қызметіне, аты-жөніне қарамай заңға тарту керектігін, бұған көнбей доқ көрсетіп жатқандар болса, кез келген уақытта өзіне жағдайды баяндауын қатаң тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.