Құрбандар толық ақталар күн жақын

0 545

Жамбыл облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға бағытталған жұмыстар негізінде облыс әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы №22 қаулысымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия құрылған болатын. Комиссия құрамына тарихшылар, архившылар, мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарынан 26 адам енген.

Комиссия ішінен құрылған 5 жұмысшы топ мүшелері жұмыс жоспарына сәйкес Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің «Жамбыл облыстық партия комитеті», Жамбыл облыстық сот, Облыстық прокуратура құжаттары және Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасы, Жамбыл облысының Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының арнайы мемлекеттік архиві, Шымкент қаласындағы «Түркістан облыстық архиві», «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарих архиві» қорларынасаяси қуғын-сүргін мәселесіне қатысты құжаттарға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Алдымен облыстық архивте сақтаулы Жамбыл облыстық партия комитетінің (№282П) құжаттарына талдамалық жұмыстарын жүргізіп,282-қордың 75, 78,81 тізімдемелерінде кезінде «халық жауы» болып, кейін 1989-1991 жылдар аралығында ақталған коммунистердің персоналдық жеке істері, ақтау істері,партиялық бақылау комиссиясының отырыстары, коммунистердің істерін қайта қарау туралы 300құжаттарды қарады. Құжаттардың барлығы зерделеніп, оның ішінде 123ақталған азаматтардың есімдері арнайы кестеге толтырылды. Кестеде аты-жөні, туған жылы, жері, сотталғанға дейіңгі атқарған қызметі, сотталған бабы, мерзімі мен архивтік негіздемесі қамтылған.

Сонымен қатар, жазықсыз жазаланған азаматтар туралы Жамбыл облыстық архив тарапынан 2014 жылы Жамбыл жерінде туған, еңбек еткен, жазықсыз жазаланған, кейін ақталған азаматтар туралы қысқаша мәліметтермен қамтылған «Жазықсыз жазаланғандар» атты кітап жарияланған болатын. Кітаптағы мәліметтер республикалық, облыстық басылым беттерінен алынған және облыстық партия комитеті құжаттарының мәліметтері енгізілген. Кітапта жалпы саны 1896 азаматтың есімдері мен қысқаша мәліметтерімен қамтылған. Оның 123 ақталған азаматтар облыстық партия комитетінің құжаттары арасынан алынған.

Сондай-ақ Жамбыл облыстық соттың 1933-1967 жылдар аралығындағы №607, №85, №172. №187, №188, №1003 қорларына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сот құжаттары Қылмыстық және Азаматтық істер болып бөлінеді. Құжаттарды зерделеу барысында Қылмыстық кодекстің 58 бабымен саяси қуғын-сүргін бойынша айыпталған 3 азаматтың (1932-1933 жж.) тізімдемесі табылды. Бірақ, ол тізімдеме орталық Арнайы құпия қорына (ОСФ) акт арқылы өткізілген.

Жамбыл облысының прокуратурасындағы №405 қорындағы құжаттарында Жамбыл облысы прокурорының Бас прокуратураға 1989 жылы 2320 азаматты ақтау жөніндегі ұсынысы сақталған. Қазіргі таңда 1950 жеке азаматтардың аты-жөні, туған жылы, білімі, атқарған қызметі мен сотталу баптары, мерзімі арнайы кестеге енгізілді. Құжатта ақтауға ұсыным берілгенімен нақты ақталу туралы қаулысы сақталмаған. Сол себепті бүгінгі күні Прокуратура қызметкерлеріне жоғарыда көрсетілген азаматтардың ақталғандығы немесе ақталмағандығын анықтау туралы жұмыс тапсырылды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының 2 қорында 17 565 архивтік құжаттар сақталған. Олар: №1 Арнайы орнықтыруға жолданған тұлғалардың бақылау-байқау істер жинақтарының тізімдемелерінде 11 699 жеке істер бар. №2 Әкімшілік жүзінде жер аударылған 5 866 тұлғалардың жеке істер жинақтарының тізімдемелері бар.

Әкімшілік жүзінде жер аударылған тұлғалардың жеке істері бойынша құжаттары зерделеніп,255 жеке азаматтардың тізімі жасалды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет қорындағы жеке азаматтардың аты-жөні Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) көлемінде саяси қуғын-сүргін ұшырағандардың «Ашық тізімі» базасында кездесетіндіктен, бұл жұмыс тоқтатылды.  Себебі базадағы жер аударылған жеке тұлғалардың  істері Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қорында бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.