Облыстық комиссия мүшелері ортақ іске бар күшін салуда

0 437

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның ережесіне сәйкес, өңірлік комиссия мүшесі Н.Серікбаевтың жұмыстары бойынша есептік ақпараты төмендегідей:

2021 жылы «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» қорындағы Жамбыл облыстық соттардың құжаттары зерделенді.

Облыстық Прокуратура бойынша:  1939-1964 жылдар аралығындағы тергеу бөлімінің, қылмыстық істердің, кадрлық бөлім бойынша Р-405, Р-384, Р-21 қордағы құжаттар қаралып 217 істер зерделенді. Тұрақты сақталатын құжаттар арасында хат алмасулар, стастикалық есептер, бухгалтериялық есептер де кездеседі.

Сонымен қатар, Шымкент қаласына барған іс-сапар барысында «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» қорындағы №819, №814, №230, №74, №855, №816, №1009, №464 қордағы құжаттарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Құжаттардағы тың материалдарға жан-жақты әрі кешенді жұмыстар жүргізу барысында: 1929-1936 жылдар аралығындағы «Жұмысшы, шаруа және қызыләскер депутаттары Кеңесінің Сырдария аймақтық атқару комитетінің» Мерке, Талас, Сарысу, Созақ аудандары бойынша, «КСРО халық комисариатының Сырдария губерниялық соты», «Созақ ауданының халықтық соты», «Сырдария округтік  прокуроры», «Губерниялық уездік прокуратураның» құжаттары қаралып, көшірмелері алынды.

Тақырыптық бағыт бойынша «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газетінің 24 қараша 2021 жылғы санына 1928-1929 жылдары Әулиеата жеріндегі байларды, кулактарды кәспескелеуге қатысты құжаттар негізінде «Кәмпескелеуде кедейлер неге қолшоқпарға айналды» атты, облыстық «AR-AI» жастар газетінің 03.12.2021 жылғы №97(888) санына «Кәмпескелеу кезінде байларды жойып, кедейлерді қолшоқпар етті» тақырыбында 2 авторлық мақалалар жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.