Комиссия жұмысынан халық та хабардар

0 50

Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия өзінің жұмысынан халықты ұдайы хабардар етіп келеді. Мәселен, комиссия мүшелері облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін тақырыбында өткізілген семинарларға да архив қызметкерлері қатысып, архив құжаттары негізінде түрлі тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Атап айтқанда, бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы «Саяси қуғын-сүргін зардабынан  босқындыққа ұшырағандарды іздестіру, тәжірбие, ақпарат алмасу», «1939-1945 жылдары фашистік Германия, Финляндияның және басқа да Еуропа елдерінің тұтқында болған және «Түркістан легионына» уақытша келген қазақстандық әскери тұтқындар бойынша ақпарат жинау, тәжірбие алмасу туралы», архив құжаттарындағы Жамбыл жеріне күштеп жер аударылғандар мен қоныстанушылар» атты тақырыптағы тәжірбие және ақпарат алмасу жөніндегі баяндама жасаса, Ж.Есентаева Жамбыл жеріндегі лагерьлер тақырыбында баяндамасын оқыды.

Сондай-ақ, БАҚ беттеріне саяси қуғын-сүргін тақырыбында біпнеше мақаллар жарияланды. Мысалы, облыстық «Ақ жол» газетінің 20 сәуір күнгі №44 нөмеріне «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ директоры Көсемәлі Сәттібайұлының «Мирзоян қаласындағы «Үштіктің» үкімі», облыстық «Знамя труда» газетінің 03.05.2021 жылғы №52 санында жазушы-журналист, облыстық архивтің директоры К.Сәттібайұлының «Трагическая судьба: Как парихмахер Зоя Чаглей оказалась врагом народа», облыстық «Ақ жол» газетінің 18.11.2021 жылғы №138 санына бөлім басшысы С.Зейнуллаұлының «Ашаршылық құрбандары саны туралы нақты дерек жоқ», облыстық «Арай» газетінің 02.06.2021 жылғы №43 санында тілші Есет Досалының облыстық архивте өиткен дөңгелек үстелге орай «Естен кетпес зұлмат жылдар» атты мақаласы, облыстық «Ақ жол» газетінің 03.06.2021 жылғы №67 санында «Басты мақсат — саяси құғын-сүргін құрбандарын толық ақтау», облыстық «Ақ жол» газетінің 09.10.2021 жылғы №121 санына ақын, журналист Есет Досалының «Тарихқа тағзым» атты тақырыпта архив қызметі жайлы мақала, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия мүшесі, «Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві» мекемесінің директоры, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлының «Ғұмыр-дария» газетінің тілшісіне берген сұхбаты газет беттеріне жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.