«Құны -115 млн теңге»: Пластмасса өндіретін серіктестік Алматының Наурыз мерекесін ұйымдастырмақ

0 470

Алматы әкімдігі Наурыз тойлауға 115 млн теңге жұмсамақ. Бұл туралы журналист Мият Кәшібай телеграм арнасында хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу порталынының дерегінше, 18 наурыз күні қалалық мәдениет басқармасы «Алматыгороформление» компаниясымен келісімшарт жасасты. Құны – 115 млн теңге. Тендер «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы өткен. Яғни, конкурссыз.

Порталда тендер техсипаттамасы жоқ. Келісімшарттың қысқаша атауында «Наурыз мейрамы» іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер» деп қана жазылған. Сондықтан 115 млн теңгеге нақты қандай іс-шара өтетіні, оның қай күні болатыны, оған кім қатысатыны жайлы білу мүмкін емес.

Тендерді «ұтып» алған «Алматыгороформление» ЖШС 1997 құрылған. Әділет министрлігі берген электоронды анықтамаға қарасақ, компанияның 16 құрылтайшысы бар. Бірақ бәрінің аты-жөні жасырылған. Айналысатын қызмет түрлері: Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру,  өзге де пластмасса бұйымдарын өндіру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.