Депутат кафе қызметкерлерін қорқытып, жанжал шығарған (ВИДЕО)

0 416

Әлеуметтік желілерде мас ер адамның қоғамдық орында байбалам салып жатқан видеосы тарады. Оның сипаттамасында депутат Бекболат Шканов кафеде өзін дөрекі ұстап, кафе қызметкерлерін қорқытып, жанжал шығарғаны жазылған деп жазды Turkystan.kz.

Видео 2021 жылы түсірілгені белгілі болды. Кадрларда шынымен Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек аудандық мәслихатының депутаты Бекболат Шканов. Ер адам AMANAT партиясының мүшесі, сондай-ақ ірі жол-құрылыс компаниясын басқарады.
Бекболат Шкановтың өзі де оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Оқиға былтыр кафеде болды. Онда менің аяғымды сындырды. Қылмыстық іс қозғалып, кейін тоқтатылды. Қазір менің адвокатым тергеуді қайта бастауға тырысып жатыр. Бұл видеоны осы мекемеде жұмыс істейтін жігіт таратып жатыр. Олар тек резонанс жасағысы келеді. Полицияда бұл кадрлар бар. Бейне бірнеше рет жөнделген. Олар мен депутат болғандықтан қорқытып жүр. Мен өз орнымды ұстап қалуға тырыспаймын, қажет болса депутаттық лауазымымды қалдыра да аламын», – деді Бекболат Шканов.

БҚО полиция департаменті бұл оқиғаның 2021 жылы болғанын растады. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Полиция оны таратушылар жауапқа тартылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.