Зейнетақы жинағы: Халық 200 теңгеге дейін аударып алып жатыр

0 1 298

Кейінгі үш күнде enpf-otbasy.kz порталында зейнетақының артығын пайдалануға 157 мыңнан астам өтінім қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Отбасы банктің хабарына сүйенсек, өтініштің көптігінен платформаның жұмысы нашарлаған. Банк зейнетақы жинақтарының артығын пайдаланғысы келетіндердің барлығы 1 сәуірге дейін үлгеруі үшін демалыс және мереке күндері де жұмыс істеуге шешім қабылдады.

“Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан сұрататын ең төменгі сомасы – 200 теңге. Өтініш бергендердің орташа жасы – 36-45 жас. Платформаны пайдаланушылардың басым бөлігі ер адамдар”, — деп хабарлайды Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Бір жыл ішінде барлығы 1,5 млн өтінім өңделген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.