«Қазақстан халқына» қоры өтініш қабылдауды бастады

0 1 726

Көмекке мұқтаж қазақстандықтар, сондай-ақ жан-жақты көмек көрсетуге ниет білдірген демеушілер өз өтініштерін «Қазақстан халқына» қорының цифрлық платформасы арқылы бере алады.

Өтінішті қордың ресми www.qazaqstanhalqyna.kz сайты арқылы беруге болады. Ал өтінішті беру тәртібін «Өтінішті қалай бере аламын» бөлімінен білуге болады.

Бұл сайт өз кезегінде мұқтаж жандардың өтінішін автоматты түрде www.atamekenim.kz порталына Қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасына жіберіледі.

www.atamekenim.kz сайты қайырымдылық ұйымдарының халықпен жұмыс жасайтын алаңы болып табылады. Сайт eGov.kz электрондық үкімет порталының кейбір мәліметтер базасымен біріктірілген.

Алдағы уақытта өтініш берушілердің мәртебесі туралы толық ақпарат алу үшін порталды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың барлық қолжетімді деректер базаларымен интеграциялау жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгінгі таңда сайт денсаулық сақтау, білім және ғылым, тұрғын үй, негізгі қажеттіліктер және т.б салаларда жұмыс істейтін 86 қайырымдылық ұйымын аккредитациялады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.