Аса мен Тараз бағытына қатынайтын қоғамдық көліктер берілді
Бүгін Аса-Тараз бағытында қатынайтын қоғамдық көліктің жаңа бағытының салтанатты түрде тұсауы кесілді. Енді екі ортада заманауи жабдықталған 14 автобус халыққа үздіксіз қызмет көрсететін болады.
Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шараның ашылуында сөз алған Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жиналған қауымды қуанышты сәтпен құттықтады: «Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары! Шаһар мен оған іргелес орналасқан елді мекендер арасындағы сапалы көлік қатынасы — халықтың әлеуметтік жағдайын арттырудың басты кепілі. Бұл жаңа бағыт ауыл мен қала арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, тұрғындардың уақытын үнемдеуге әрі қауіпсіз қатынауына үлкен мүмкіндік береді. Қуаныштарыңыз құтты болсын!», — деді. Өз кезегінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы: «Ауыл тұрғындарының басым бөлігі күнделікті жұмыспен, оқумен және басқа да шаруалармен қалаға қатынайтыны белгілі. Бүгінгі іске қосылып отырған жаңа маршрут ауыл халқының тікелей сұранысы мен тілегінен туындаған шешім», — екенін жеткізіп, бірлескен жобаға қолдау білдірген шаһар басшылығына алғысын білдірді.
Жаңа маршрут Аса ауылынан бастау алып, Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарына дейін қатынайды. Жалпы ұзындығы 34,6 шақырымды құрайтын бағытта автобустар әр 13–15 минут сайын жүріп тұрады. Маршрут Аса ауылындағы ішкі көшелерді, Қостөбе ауылы мен 27-ші разъезді қамтып, Тараз қаласының Сүлейменов, Жамбыл, Төле би, Желтоқсан, А.Пушкин, А.Асқаров, Абай, Сыпатай батыр және Мәмбет батыр сияқты басты көшелері арқылы өтеді.
Жолаушылар үшін жолақы құны да өте қолайлы етілді.
Қалалық тарифке сәйкес электрондық жол жүру картасымен 100 теңге, ал қолма-қол төлем кезінде 130 теңгені құрайды. Сонымен бірге, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.