АСА-ТАРАЗ БАҒЫТЫНА №67 МАРШРУТ ҚОСЫЛДЫ

0 19
🔹Көптен күткен қуанышты жаңалық! Енді Аса мен Тараз арасында әр 15 минут сайын автобус қатынайды. Бұл бағытта бүгіннен бастап 14 қоғамдық көлік берілді.
🔹Автобустың жалпы сыйымдылығы 90 адам. Аса–Тараз бағыты бойынша жол ақысы электрондық жол жүру картасы арқылы 100 тг, ал қолма-қол төлесеңіз 130 тг. 18 жасқа дейінгі тұрғындарға 50% жеңілдік қарастырылған.
🔹Бүгін Аса ауылында Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы арасындағы қоғамдық көлік қатынасын жақсартуға бағытталған жаңа бастаманың тұсауы кесілді. Іс-шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, сала өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.