Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты (видео)

0 233

Бүгін, 18 маусым күні Алматы қаласында салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Көп ұзамай пластик құбырлардың жанғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көпқабатты үйден шыққан қалың түтіннің видеосын kris_p_kz Instagram парақшасы жариялады. Оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаменті өрттің жаңадан салынып жатқан Dragon City тұрғын үй кешенінен шыққанын абарлады. Сондай-ақ, бірінші қабатта орналасқан пластикалық құбырлардың жанғаны да белгілі болды.

Тілсіз жау өрт сөндірушілер келгенше өшірілген. Алдын ала болжам бойынша өрт 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Айта кетейік, 17 маусым күні Жамбыл облысында өрт болып, 5 адам құтқарылды. Оның төртеуі бала. Ведомствоның мәліметінше, өрт кешкі сағат 19:41-де бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінен шыққан.

Төртеуі бала: Жамбыл облысында пәтерден өрт шығып, 5 адам құтқарылды (фото) Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сатының көмегімен 5 адамды сыртқа шығарған. Сонымен қатар, баспалдақ арқылы 25 адамды оның ішінде 10 баланы қауіпсіз жерге көшірген. Тілсіз жау 20:07-те толықтай сөндірілген. Өрттен зардап шеккен 6 адам ауруханаға жеткізілген.

Оларды ішінде екі адам күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал оған дейін Алматыда үйі толықтай өртеніп кеткен жалғызбасты ана төрт баласымен далада қалғанын хабарлаған болатынбыз. Келіншек зейнеткер әкесімен бірге бүгінде туыстарының үйін паналап жүр екен.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.