Елімізде күн суытады

0 173

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19-21 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел соғады, орталықта, елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

«Батыс өңірлер ғана антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында түнде температура 5-13 градустан, күндіз 12-20 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-18 градустан, күндіз 18-27 градусқа дейін жылынады», — делінген хабарламада.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.