АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗДЕР
Үш жұрт өңдеу
Үш жұрт — жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың — күншіл, қайын жұртың — міншіл, нағашы жұртың — сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бөліп бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайын жұртың — қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең бітпес дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді, жаманшылығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор да жанашыр жұртың сол болады.
Үш қуат — ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып — ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш арсыз — ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш даусыз — мінез, кәрілік, ажал.
Үш кәдесіз — жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел).
Үш жамандық — Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын — Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті.
Үш көз — Су анасы — бұлақ. Жол анасы — тұяқ . Сөз анасы — құлақ.
Үш тоқтам — ақыл — арқан , ой — өріс, адам — қазық.
Үш із — бала, байлық, бақыт.
Үш қадірлі — ырыс, бақ, дәулет.
Үш тәтті — жан, мал, жар.
Үш қасиет — өліде аруақ, малда кие, аста қасиет.
Дүниенің төрт бұрышы
өңдеу
Шығыс елі дүниенің төрт бұрышы деп Шын – Машын (Үндістан), Мысыр, Рұм, Еуропа елдерін айтқан.
Төрт құбыла
1.Шығыс. 2.Батыс. 3.Оңтүстік. 4.Солтүстік.
Төрт түлік
-
Қой мен ешкі 2. Сиыр 3. Жылқы 4. Түйе
Бес баянсыз
-
Бұлттың көлеңкесі 2. Еңбексіз келген байлық 3. Қорқақтың достығы 4. Жалған мадақ 5. Опасыздың махаббаты
Бес қару
1.Садақ. 2.Мылтық. 3.Найза. 4.Қылыш. 5.Айбалта.
Бес асыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз…
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл сөз көнсеңіз.
Бес парыз
1.Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2.Намаз оқу. 3.Ораза ұстау. 4.Қайыр‑садақа беру. 5.Қажылық.
Бес анық
-
Тіл 2. Діні 3. Тарихы 4. Дәстүр 5. Атамекен
Алты игілік
Алты парыз
Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар:
-
Бір — біріне сәлем беру (әдейі барып).
-
Шақырса – бару.
-
Кеңес сұраса – ақыл қосу.
-
Сұрағына – жауап беру.
-
Ауырып қалса – көңілін сұрау.
-
Қайтыс болса – жерлеуге қатысу. (Мұхаммед пайғамбар)
Жеті амал
1.Күннің тоқырауы. 2.Қарашаның қайтуы. 3.Үркердің батуы. 4.Мұздың қатуы. 5.Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7.Ай тоғамы.
Жеті жұт
Құрғақшылық
Жұт (мал қырылу)
Өрт
Оба (ауру)
Соғыс
Топан су
Зілзала (жер сілкіну)
Жеті жоқ
өңдеу
Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетекші
-
Адамның басшысы – ақыл.
-
Жетекшісі – талап.
-
Жолаушысы – ой.
-
Жолдасы – кәсіп.
-
Қорғаны – сабыр.
-
Қорғаушысы – мінез.
-
Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)
Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ел жетім,
Замандасы қалмаса —
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қат көк
Жеті қат көк тіпкесін қазіргі қолданысымызда «шырқау биік, шексіз аспан» деп мінінен айрылған. Мұндағы жеті саны — жеті жұлдызға сәйкес келеді. Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл жұлдыз (Марс), Мүштәри (Юпитер), Сатурн. Осы жеті шығыс астрономиясында «жеті қат (қабат) көк» деп аталады.
Жеті шәріп (жеті әулие)
1.Мекке шәріп. 2.Медине шәріп. 3.Бұхар шәріп. 4.Шам шәріп. 5.Қатым шаріп. 6.Құддыс (мысыр) шәріп. 7.Кәлләм шәріп (құран).
Жеті қазына
1.Ер жігіт. 2.Ақыл, білім. Қанды ауыз қақпан.4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы (ит).
Жеті ата
1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата.
Жеті ұрпақ
өңдеу
1.Ата. 2.Әке. 3.Бала. 4.Немере. 5.Шөбере. 6.Шөпшек. 7.Немене.