Кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу және өңірде жастар саясатын іске асыру мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды.

«Өңірде қолданыстағы полигондардың бірқатары экологиялық және санитарлық талаптарға толық сәйкес келмейді, сондай-ақ, рұқсат етілмеген қоқыс орындарының болуы қалдықтарды басқару жүйесінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, елді мекендердің санитарлық жағдайына және халықтың өмір сапасына теріс ықпал етіп отыр. Осыған байланысты заманауи талаптарға сай жаңа полигондар салу және қолданыстағыларын жаңғырту – еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, өңірдің тұрақты дамуын және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі», – деді аймақ басшысы.
«Күн тәртібіндегі мәселелер өңірдің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға және жастар саясатын тиімді іске асыруға бағытталған», – деді аймақ басшысы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ