Көлікті қашан сатқан дұрыс – сарапшылар пікірі

0 73

Автокөлік уақыт өте келе иесіне пайда емес, шығын әкелетін активке айналуы мүмкін. Осыған байланысты 110km.ru порталының сарапшылары көлікті тиімсіз күйге жетпей тұрып, дер кезінде сатуға көмектесетін негізгі критерийлерді түсіндірді.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП НЕ ДЕЙДІ

Мамандардың айтуынша, басты көрсеткіш – шығын көлемі. Соңғы бір жылдағы жөндеу мен техникалық қызметке кеткен қаражатты есептеу керек.

Егер бұл шығын көліктің нарықтық құнының 20-30 пайызынан асса, оны ұстау экономикалық тұрғыдан тиімсіз бола бастайды. Сондай-ақ сервиске жүгіну жиілігі де маңызды. Егер көлік айына бір реттен жиі жөндеуді қажет етсе, бұл негізгі бөлшектердің қатты тозғанын білдіреді.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

Көлікті сатуға итермелейтін негізгі техникалық факторлар бар:

– Кузовтағы тоттың терең таралуы. Бұл жағдайда жөндеу өте қымбатқа түседі;
– қозғалтқыш немесе автоматты беріліс қорабының күрделі ақаулары;
– сенімділіктің төмендеуі, яғни жүргізушінің алыс жолға шығудан қауіптенуі.

Мұндай жағдайда бір ақауды жөндеу келесі мәселені туындатуы мүмкін. Көптеген жүргізуші көлікке салған қаржысын «қайтарғысы» келіп, оны сатуды кейінге қалдырады. Алайда сарапшылардың айтуынша, қайталама нарықта бұл шығындар іс жүзінде өтелмейді.

БАЛАМА НҰСҚА

Егер көлік жылына 5–7 мың шақырымнан аз жүрсе, оны ұстау тиімсіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда салық, қызмет көрсету және амортизация шығындарын ескергенде, такси пайдалану арзаныраққа түсуі ықтимал. Сарапшылар көлікті оның жағдайы әлі жақсы, бірақ қымбат жөндеуді талап етпейтін кезде сатуға кеңес береді. Бұл жаңа көлік алуға барынша тиімді мүмкіндік береді.

tizgin.kz

Фото: gateauto.ru

Leave A Reply

Your email address will not be published.