Халықтық Қасиеттерді қастерлейік, ағайын!
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің секретары Өзбекәлі Жәнібековпен «Социаистік Қазақстан» газетінің редакторы Шерхан Мұртазаның сұхбаты
- Алдымызда Наурыз жақындап келе жатыр. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің игі ықыласымен соңғы екі жылда республикада Наурыз мейрамы қайта жанданды. Әсіресе, 1989 жылғы Наурыз ұмытылмастай болды. Ал биыл бұл халықтық мереке қалай өтпек? Қандай дайындықтар керек?
- Иә, Наурызды тағы да асыға күтіп отырмыз. Шығыстың ғұламалары есте жоқ ескі заманның өзінде – ақ күн мен түннің теңесетін тәулігін астрономиялық дәлдікпен дөп тауып, жержаһан жаңғырып жасарып жататын жайсаң бір шақты «Наурыз», яғни «жаңа күн» деп атаған екен. Наурызда қар еріп, жер дегдіп, шөп швға бастайды, адамның арқа-басы кеңіп, жаны жадырайды.Табиғат түлеп, мал төлдер кез де жақын қалады. Жаңару жаңғыру деген сол емес пе? «Ұлыстың ұлы күнін» — жыл он екі айдың басын сол дүние жаңарар айдан алу орынды – ақ. Мұны айтқанда біз, әрине, қазіргі қолдалынып жүрген Григориан календарына күмән келтіруден аулақпыз. Дегенмен Наурыздың көп жылдар бойы атаусыз қалдырылуы қай жағынан алғанда да қиянат еді.
Ақпан айында өткен КПСС Орталық Комитетінің Пленумында қайта құруды әкелген игіліктің ең бастысы — қоғамның рухани тұрғыдан еңсе көтеруі деп айтылды. Бұл өте орынды. Расын айту керек, пікір таластығын бетке тұтып жауапсыз сөйлей беретіндер көбейіңкіреп тұр қазір. Дүкенге барғанда кір шайғыш табылмай қалса да қара аспанды суға алдырып, бес жылдан бергі атқарылып жатқан шаруаның бәрін түкке тұрғысыз ете салатындар аз емес. Жетпіс жылдан астам аса келелі істерді науқаншылықпен өткізіп жаман үйренген жұрттың біразының қайта құрудың о баста ойластырылғандай оп-оңай болып шықпағанын көрген бетте тауы шағылып, тауаны қайтып қалғаны рас. Осындайлардың сөз саптауына салынбасақ деймін. Біле білген кісіге 20 -шы жылдарда шолақ белсенділердің «саяси» қырағыларының арқасында діни мереке – міс деген сылтаумен тоқтатылған Наурыздың қайта оралуы да елімізде қанат жайған жаңа өзгерістердің арқасы. Бұл 30- шы жылдарда бостан – босқа жазықсыз опат болып, енді ғана арамызға келген арыстарымыздың абзал есімі мен асыл мұрасының халық игілігіне қызмет ете бастауы, ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы сияқты бағалауға тұрарлық іс.
Наурыз Мейрамы Шығыс елдерінің көпшілігінде ислам діні қабылданғанға дейін пайда болған. Кейбір деректерге карағанда, ол ертеде шығыс славяндарының, тағы да баска халыктардың арасында да кеңінен тарағанға ұқсайды. Наурыз жана жыл мейрамы ретінде Қазақстанда 1926 жылға дейін аталып келген. Содан алпыс жылдан астам атаусыз қалған бұл халықтық мереке ортамызға 1988 жылы ғана қайтып оралуға мүмкіндік алды.
Осы екі жылдың өзінде Наурыз мейрамы халықтың рухын көтеруге, қолтума өнерін дамытуға, ұмыт қалған салт-дәстүрлерін, дәм-тағамдарын жаңғыртуға, Қазақстанда тұратын ұлыстардың арасын жақындата түсуге игі қызмет етіп үлгерді дей аламыз. Жаңа өзіңіз, редактор жолдас, 1989 жылғы Наурыз ұмытылмастай болды деп дұрыс айттыңыз. Былтыр Наурыз мейрамы барлық облыстарда бірдей аталды. Әсіресе, Алматыда, астаналық облыста, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, тағы басқа облыстарда өткен мереке елдің есінде қаларлықтай қызығы мол, өрісі кең, интернационалдық сипатта болды. Қай-қай аймақта болса да Наурыз мейрамында қазақтың өзіне тән өнерін былай қойғанда, орыс, украин, неміс, грек, корей, кырым татарлары, өзбек, ұйғыр, күрд, месхеттік түрік, чешен, тағы басқа халықтардың әндері мен билері де орындалып жататыны көңілге қуаныш ұялатады. Көптеген ауыл-селоларда, жүздеген қалалар мен аудан орталықтарында таң сәріден қара кешке дейін той-думан құрып, жас та, кәрі де бір жасап қалатыны рас. Ана тіліне мұрнын шүйіре карайтын, «ешкінің ішегінен не шығады?» деп домбыраны менсінбейтін ұлттық мүләйімдерді де өзін дүниеге келтірген халықтың алдында тағылым етуге, оның табиғатына бір табан болса да жақындай түсуге ынталандыратын құрал болды бұл Наурыз. Біздегідей көп ұлтты республика жағдайында Наурыз аркылы біз халқымыздың тамаша салт-дәстүрлерін, үйлесімді әдкет- ғұрпын, асқақтаған әні мен күмбірлеген күйін, мың бұралған биін, тіл уйірген дәм – тұзын, талғамы мол қол өнерін танытуға, насихаттауға, керек десеңіз, жұрттың мақтаныш сезімін оятуға мүмкіндік алдық, ағайын.
Ал биылғы Наурыз мейрамы қалай өтпек? Таяуда ғана біз бұл мәселені Орталық Комитетте арнайы сөз еттік. Әңгімеге мерекені өткізуге тікелей қатысты бірқатар министрліктер мен мекемелердің, шығарымпаз одақтардың басшылары қатысып, өз ойларын ортаға салды, ұсыныс – пікірлерін айтты. Наурызды жаңа сатыға көтеру, жұртшылық көңілінен шыққан мерекенің ажарын аша түсу, ұйымдастырылуын ұштай түсу, оның тұжырым — түйінін, эмблемасын жасау жағы қарастырылды. Қазақтың шетелдермен достық және мәдени байланыстар қоғамының председателі Жібек Әмірханованың Наурыз қорын құру жөніндегі ұсынысы қабыл алынды. Оған кәсіп орындар мен ұйымдар өз мүмкіндіктеріне лайық қаржы аударып, Көктем, Еңбек және Жаңғыру мрекесінің «атына заты сай» болып өтуіне үлес қосарына күмән келтіруге болмас.
- Бұл мейрамды бүкілхалықтық деңгейде өткізуде әлі де қандай «әттеген – айлар» бар деп ойлайсыз?
- Наурызды бірыңғай той-тамаша көретіндер молшылық. Мұның өзі мейрамның мәнін терең түсінбеуден туып отыр. Наурыз кезінде көбінесе, жұрттың көше – көшеде теңселіп жүргенін, ана жерде, мына жерде концерт қойылып, көрме ұйымдастырылып, тәтті-дәмдә тағамдар тартылып жатқанын ғана көреміз, мұның бәрі де керек – ақ. Бірақ Наурыздың негізгі мақсаты – адамдардың бойында имандылық жаңару, жаңғыру, жасамаздық сезіиін ояту ғой, жұртты жақсылыққа, ізгілікке шақыру ғой, ал мұның өзі тек көңіл көтерумен біте қоймайтын іс. Бұрын Наурызға дайындық кезінде жұрт қыстан шыққан үй- жайын тап – тұйнақтай тәртіпке келтіріп, ауласын тазалап, көң – қоқысты шығарып көктемгі егіске қажетті құрал — саймандарды жөндеуден өткізетін. Кебеже – сандақтары мен асадалдарын, үй жиһаздарын сылап сипайтын, кілем, текемет, алашаларын қағып – сілкетін, киім – кешегін жаңартатын, көрпе – жастықтарын қайта тыстап, желдетіп алатын. Көршілер алыс – берісінен тазарып, бір – біріне реніштілер татуласып, суысып кеткендер шақырысып жататын. Туған – туысқандарына, жора – жолдастарына, әсіресе, қарттарға мейлінше ілтипатты болуға тырысатын. Құдықтар мен арықтар тазаланатын, су көздері ашылатын. Наурыздың құрметіне көше тазартылып, аулаға ағаш отырғызылатын. «Бір тал кессең, он тал ек!», «Артыңда мал қалғанша тал қалсын» деген сөздер содан шаққан.
Қазіргі жағдайда да мерекеге дайындық жұмысын осындай әлеуметтік – тұрмыстық және көктемгі егіске байланысты мәселелерді жұмыла шешуге тікелей бағдарлау қажет – ақ. Мұның өзі әркімнің отбасы – ошақ қасынан, өз ауласынан басталса игі. Наурыз жақын қалды дегеннен үйдің іші — сыртын әктеп, есік — терезені сырлап, қыстай қарда тұрып қисайыңқыраған шарбақты жөндеп қоюға болады емес пе? Ауылдық, селолық советтер Ауылына қарай азаматын таны! Деген ұранмен әркімнің үй –
жайына, ауласына өзінше байқау өткізіп, Наурыз күні үлгілі әулеттерді атап айтып жатса, артық емес.
Ал енді мереке өтер күн туралы бірер сөз. Парсыша «Наурыз» ай аты емес, жылашар айдың бірінші күні ғана болған десе-ді жұрт. Демек, мерекені күн мен түн теңесетін наурыздың 21-ші күні атап өткен жөн. Әрине, бұл кезде күн жылына қоймайтын облыстарда Наурызды жұрт емен-жаркын мерекелей алатындай уақытқа шегере тұруға болатын сияқты. Көптеген облыстарда солай етіп те жүр. Биыл да оларға жергілікті жағдайға қараңыздар деп отырмыз, дегенмен, Наурыз мейрамын тым жазға шығарып жібермеген дұрыс.
- Жуырда Өзбекстан үкіметі Наурызды, яғни 21 наурыз күнін мереке ретінде демалыс күн деп шешім қабылдапты…
- Әрине, мұны маған хабарлау үшін ғана айтып тұрмағаныңызды түсінемін… Біз неге солай етпейміз дейсіз ғой? Наурызды демалыс күн деп жариялаудағы мақсат, қосымша бір күн тынығып қалу емес шығар… Бұл арада ескеретін бір жайт бар. Өзбекстанның жағдайы бізден мүлдем басқаша. Онда Наурыздың 21-інде мерекені бүкіл республика болып бір күнде атап өтуге толық мүмкіндік бар. Жер көгеріп, күн жылы болады да, жұрттың бәрі ашық аспан аясында сейіл құра алады. Ал бізде ше? Наурыздың 21-інде Арканың біраз облыстарында, көптеген таулы аудандарда қар жатады. Осыған байланысты жергілікті орындар Наурызды онсыз да күн жыли бастаған кезде, міндетті түрде демалыс үкіметті қалың жұртшылықтың тілегін ескере отыра, бұл мәселені кейіндеу болса да арнайы қарайтын шығар деп ойлаймын. Қайткен күнде де қалыптасқан жағдайды халықтық мерекеге қысым жасаудай көру орынсыз.
— Әрбір саналы қоғамның мұраты — ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу, бірін-бірі жалғастырып келе жатқан ұрпақтар тізбегін өрбіте беру. Сол тізбек үзілген жерде халық та жойылмақ. Қазақ халқының дамып өсуіне әр заманда дүркін-дүркін кедергі кесапаттар жасалып келгені белгілі. Тіптен соңғы ғасырдын өзінде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы кезіндегі қырғын, 1918-1919, 1921 жылғы, 1932-1933 жылғы ашаршылықтар, 1937 жылғы калын репрессия, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысын айтпағанның өзінде, ел басына туған осындай әртүрлі нәубеттер зардабынан қазақ халқы Қазақстанның өзінде азшылыққа айналып отыр. Бұл орайда бізді алда не күтіп тұр?
Халқымыздың басынан талай нәубет өткені, Жұбан Молдағалиевтің сөзімен айтканда, «мың өліп, мың тірілгені» кім-кімге де белгілі. Миллиондаған адамдарды ала кеткен аштық та, жалаңаштық та, баска құрбандық та болды. Жариялылык желін туғызған 1985 жылдың сәуір самалынан кейін халқымыздың тарихындағы «ақтаңдақтарды» толыстыру ісі қолға алына бастады. Мұның өзі сіз көтеріп отырған мәселемен тікелей байланысты. Шынында да, осыншама байтақ жерді жайлап, иемденіп қалғанына қарағанда, қазақтар ежелден аз халық болмаса керек. Ахмет Байтұрсыновтың «6 миллион қазақ бармыз» дегені жай айтыла салған сөз емес сиякты. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің деректеріне қарағанда, 1914 жылы қазақ халқының нақты саны 5 миллион 350 мынга жеткен көрінеді. Жана өзіңіз айткан жылдардағы алапат ауыртпашылык, әсіресе, республиканың тұрғылықты халқына аса қиын тигені мәлім. Бұл жөнінде «Қазақ әдебиеті» бастап, көптеген бұқаралық хабарлама құралдарында талай мақала жазылды, хабарлар берілді.
Халкымыздың демографиялык даму сатыларын талмай зерттеп келе жаткан Мақаш Тәтімов: «Егер сол жылдардың аласапыраны болмаса, бүгінде қазақтардың саны республикамызда 10-12 миллион, ал дүние жүзінде 15-17 миллионға жетіп жығылар еді дейді. Жалпы, демография мәселелеріне келген кезде кей кісілердің, нендей мақсатпен екені белгісіз, тым төндіріңкіреп сөйлейтінін түсіну қиын. Мәселен, жақында өткен Қазақ ССР Ғылым академиясы жалпы жиналысының сессиясында бір танымал ғалымымыз 30-шы жылдардағы ашаршылық құрбандарының санын 6 миллион деп бір-ақ қайырды да, өз ойын нақты деректермен дәйектемей қоя салды. Сіздің «қазақтар қазір өз республикасында азшылыққа айналып отыр» деген сөзіңіздің төркінінде де осыдан біраз жыл бұрын қалыстасқан ой – пікірдің ізі жатқан сияқты. Өткен жылы санақтың алдын ала шығарылған нәтижесіне қарағанда, қазақтар, керісінше, Қазақстандағы ең саны көп халыққа айналған. Бәрінен де маңыздысы – халықтың өсу процентінің (23,5) жоғары екендігі. Ұлтымыздың өсімі бүкіл ел бойынша да жап – жақсы – 1979-1989 жылдар арасында қазақтар 24,1 процентке өсіп, қәзір ұзын санымыз 8 миллион 140 мыңға жетіппіз. Демографттар осы мамыр, маусым айларында санақтың жалпы қорытындысы шығарылған кезде бүкіл жер жүзіндегі қазақтың саны 10 милионнан астам болар деп отыр. Бағалай білген кісіге бұл да шүкіршілік ететін жағдай. «Азбыз азбыз» дей бергенмен халық көбейе қоймайды. Бізге қазақтардың ғана емес, республикада орын тепкен барлық ұлыстардың ұлттық мүдделрін көздейтін, халықтардың ынтымақтастығын нығайта түсетін жүйелі жұмыс қажет – ақ.
Мысалға алсақ, Қазастанның экономикалық дербестігін, оның өзін- өзі басқару және қаржыландыру жөніндегі тұжырымын жүзеге асыру арқылы ол өз жеріне, оның қойнауына, тау – тасына, өзен – өзен-көлдеріне, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне кожа болған жағдайда демографиялық дамуды да халық мүддесіне сәйкес реттеуге болар еді. Ал қазіргі жұмыс колының жетісе бермейтіндігі, индустриалдык жұмысшы табының ұлттык қосынын қалыптастырудың киыншылықтары күн тәртібінен көпке дейін түсе қоймас деп ойлаймын.
Тағы бір айта кететін нәрсе жасы 30 бен 40-тың арасындағы 40 мыңдай қазақ жігіттерінің, 80 мыңға тарта казак кыздарының уақтылы тұрмыс құрмай, үйленбей жүре беретіндігі. Бұл ең алдымен отбасының туыстық әулеттің кемшілігі екені анык. Әрине, қайсыбір жастардың коғам алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуі, жылдар бойы сыбай-салтаң, бозбалалық немесе бойжеткендік кұрып жүре беруге үйреніп бара жатқаны қынжыларлық. Бұл мәселенің бір жағы. Екінші жағы, жастардың отау құруға деген талабы, тежейтін тұрғынжай қиындығы. Қалалық жерлерде тұрғын үй, көпшілік қолды жатақханалар әлі де аз салынады. Бала туудың төмендігінің бір себебі ажырасудың жиілігі десек, оның көптеген себептерінің бірі пәтер мәселесінің жылдар бойы шешіле бермейтіндігі.
Республикада қалыптасқан жағдайды ескере отыра, ұлтаралык қатынастарды жетілдіре беруді, ұлттық дамуды, халықтың тиісті деңгейде өсуін қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы ішкі-сыртқы миграцияны реттеп отыратын дербес демографиялык саясат жүргізу кажет. Сондықтан да бізге халыктың өсуіне септігі тиетін мүмкіндіктердің барлығын ескеру керек. Қысқасы, «сан сапаға айналмай қоймайды» деген кағида әркімнің ойында жүргені жөн.
- Демографиялық осындай зәрулікке ұшырап жүрген дәп қазір республика Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір өкілдері (Мұстафа) халықты бала тууын азайтуға, әулетті шектеуге шақырған уағызын таратып қана қоймай, осы озбыр әрекетті іс жүзіне асыра бастағаны көпшілік наразылығын тудырып отыр. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?
- Не айтуға болады? Егер министрліктің басшылары шынымен халықты азайтуға бағыт ұстап отырса, әрине, мұны құптауға болмайды. Оның жауапты қызметкері теледидар аркылы берілген хабарда андамай сөйлеп, арандап қалған болуы ықтимал. Әрине, бізде Қытайдағыдай немесе Үндістандағыдай бала тууды шектеу кажеттігі жоқ, әңгіме ана мен баланын саламаттығы төңірегінде ғана болуы кажет. Тіптен солай болған жағдайда да мәселені жұртшылық пікірімен санаса отыра, елдің пиғылын, калыптаскан салт-дәстүрін ескере отыра, асқан мұқияттылықпен қойған жөн. Қалай еткенде де, бізге бала тууды әдейі азайту жөнінде мәселе коюға болмайды. Шамасы, газет бетіндегі кейбір материалдарға карағанда, «шаш ал десе бас алатындар» дәрігерлер арасын да да табылатынға ұқсайды. Мен, бала көтеруді әйелдің еркінен тыс тоқтатып, баска да іс-әрекеттер жасалатын болса, бұл Гиппократтың антын ғана емес, адам кұкын бұзу болып табылатынын да еске салғым келіп отыр. Көп балалы әулеттер әдетте ауылдық жерлерде, көбінесе қазақтар мен түркітектес халықтар арасында көбірек кездесетіндіктен, мұның өзі сайып келгенде ұлттық ренк алып кететінін неге ойланбасқа, ағайын.
Ал енді Денсаулық сактау министрлігінің іс-әрекеттеріндегі құлакасарлык жайларға келсек, ол соңгы кезде Қазақстанда нәресте өлімінің көбейе бастағанымен байланысты. Жыл сайын Қазақстанда 35 мыңнан астам сәби сыркат, 18 мың сәби шала туган күйінде дүниеге келеді. 4 мыңға жуық нәресте өлі туады. Туа біткен жүрек акауымен туылатын балалардың саны соңғы он жыл да үштің бірінен астам болып отыр. Қазірдің өзінде республикада есалаңдыкка шалдыққан 56 мың бала бар. Мектеп-интернаттарда ақыл-есі кем 19 мың бала тәрбиеленеді. Бұл жағдай, сайып келген де, ана денсаулығына, оның гинекологиялық талаптарды құнттай бермейтіндігіне байланысты.
Айта берсе көп-ақ, бүгінгі таңда бізде жетісе бермейтін жағдай әйелдердің денсаулығына қамқорлық. Сондықтан да әсіресе, әйелдер қауымы тарапынан Алматыда аса күрделі ана мен бала денсаулығын қорғайтын орталық кұру жөніндегі шешім, оған бұрынғы IV баскармаға қарасты үлкен аурухана кешені бөлінгендігі аса қанағаттанғандықпен қарсы алынды. Қазір Қазақстанда 316 мыңнан астам әйел денсаулыққа зиянды немесе қолайсыз жұмыстарға орналаскан. Азық-түліктің, әсіресе, аяғы ауыр әйелге кажет ет-сүт, көкөністің жетісе бермейтіні де белгілі. Мамандардың айтуынша, бала туудың арасы да екі жылдан артығырақ уақыт болғаны дұрыс көрінеді. Демек, бала тууды жүйелеу — ең алдымен, жиі құрсақ көтеретін, денсаулығының әлсіздігінен нәрестесін шынжау табатын аналарға ғана қатысты болса бір сәрі. Олай болмаған жағдайда әркім өз несібесімен деп есептейтін балажан казактың мұндай теріс қағиданы халқымыздын осуін касакана тежеуге бағытталған қылмысты іс-әрекет деп ұғатыны айдан анық. Өйткені, ел арасында салқын ақылды сарапка салғанымен, балаға кұштар жүректің келісе бермейтіні белгілі ғой.
- Осымен сабақтас мынадай мәселе бар. Ата-ана баланы «құдайдан» не үшін тілейді. Ұрпақ жалғассын дейді. Ал енді сол тілеп алган баласы ата-анасы қартайғанда қарамай кетсе, оның атын не дейміз? Мұндай сұмдықты бұрын біздің халықта кұлақ естіп, көз көрмеген. Ал қазір панасыз қарттар пансионатына балалары бар бола тұра қазақ шал-кемпірлері де түсетін болыпты…
- Бұл біздің имандылық тәрбиесін бетімен жібергеніміздің салдары. Тәрбие мәселесі көп жылдар бойы ұлттык ерекшеліктерге, баланың өсіп-жетілетін ортасының, отбасының жағдайына, қалыптаскан дәстүрге сай құрылмай келді де, жастардың ұлттық сана-сезімінің оянуына түрткі бола алмады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», дейді казак. Бақсак, әулеттік тәрбиеге аса мән бермегендіктен жас ұрпақтың жан дүниесіне нәр беретін тамырлардан көз жазып қала жаздаппыз.
Осыдан екі жыл бұрын Алматыдағы білдей-бір аурухананың дәрігері аяқ астынан жұмыстан шығарылыпты. Жеке басына бұрын-соңды кінә тағылмаған, өзіне науқастар тарапынан арыз-шағым айтылмаған қызметкер көрінеді. Сонда жазығы не дейсіз ғой? Жазығы – қарт әкесін пансионатқа өткізгендігі. Қаталдау көрінгенімен, әбден әділ шешім бұл. Адам жанын аялауға тиіс дәрігер туған әкесінен бас тартып, оны жып-жылы үйінен қуып шығатын болса, басқалардан не үміт, не қайыр?
Иә, перзенттік парыз деген қасиетті ұғымның қадірін түсіңкіреп қалдық, ағайын. Үлкеннің алдын орап сөйлегеннің өзін әділетсіздік деп санаған қазақтан әкесі мен шешесін сыйламайтын, атасы мен әжесін әжуалайтын жастар да туа бастағаны өкінішті – ақ. Үйдің бөлмесін бөлісе алмай, ата – анасымен соттасып жататындардың да хабары бізге жетіп жатады. Бұрын мұндай сұмдықтыестімейтін едік. Қазір қарттар мен мүгедектер уйлерінде қазақтың 600-ге жуық кемпір — шалы бар. Біреулер «бұл онша көп емес қой, несіне сөз қылады» деуі де мүмкін. Олай болса, осыдан небәрі 4-5 жыл бұрын оларды қазақтардың тіптен ілуде біреуі ғана болғанын ұмытпайық!
Әрине, өмір болған соң тағдырдың неше түрлі тауқыметі кездеседі. Біреудің қартайғанда асырар баласы болмайды, ал қайсыбіреудің тұрар үйі болмайды дегендей. Жұртты шетінен жазғыра сөйлеген жөнсіз. Әйтсе де, мүмкіндігі бола тұрып, тек қарақан басының қамын ойлап немесе қатыгез әйелінің айтқанынан шыға алмай, ата-анасын тәрк ететін тасжүректерді жаһаннамның жарығына шығарып, аты-жөнін жұртқа жария етуге болмас па еді? Тым құрыса басқалары сабақ алар. Сүйекке таңба салар осындай келеңсіздіктер көбйіңкіреп кеткендіктен де болар, қазір өзге жұрт өкілдері бұрынғыдай қазақтардың алабөтен бауырмалдығы, ата-анаға ізеті, уақыт өткен сайын ұлғая түсетін қарттарға деген қамқорлығы жайында таңдана, тамсана қоймайтынға ұқсайды… Демек, мұндай жағдайға «е әркімнің өзі шешетін нәрсе ғой, біреудің әулетінде не жұмысымыз бар?» демей, халықтық қасиеттің, ұлттық намыстың тұрғысынан қарағанымыз абзал.
- Қазақта «Қайырбай», «Қайыржан», «Қайырлы» деген есімдер көп. Демек, ежелден елімізге қайрымдылық, мейірмандық тән болған. Енді осы киелі ұғым зәрулікке айналып бара жатқан жоқ па? Бұл қасиетті жандандыру жолы қандай?
- Иә, халқымыздың ерекше қастерлейтін қасиетінің бірі – қайрымдылық. «Қайырлы болсын» деп тілек, «Қайырын берсін» деп көңіл айтамыз. «Қайыры тиді» деп біреуге ризалық білдірсек, біреуден «қайыры жоқ» деп түңіліп жатамыз. Әйтсе де, біз тым шаруа басты болып бара жатқан сияқтымыз. Экономикалық даму үшін қажет өзін – өзі басқару және қаржыландыру, толық шаруашылық есеп дегендерді кейбіреулер имандылық дүниесіне де әкеліп салғысы кеп, қалыптасып келе жатқан жағдайды әркімнің өзімен өзі болуы, өз күнін өзі көруі, өзінің көңілін өзі аулауы деп ұғындырғысы келетін сияқты. Жоқ, адамның күні адаммен деген, қамшының сабындай мына қысқа тіршілікте бәрінен қымбаттысы көңіл емес пе? Көшедегі кезекте болмашы бірдеңеге бола бейтаныс адамның бетінен алып тастайтындықты былай қойғанда, ең жақын ағайынның, туған туысқанның, көрші – қолаңның, құда — жегжаттың көңілін аулау кеміп бара жатқандығын қалай түсінуге болады? Мың жылдық дитін құдалардың өзі бір қалада тұрып – ақ бірін бірі айлап, жылдап көрмейтін, әр қайсысы өз соғымын өзі жеп жата беретінге ұқсайды. Менің ойымша, қайырымлықты, мейірбандықты ортамызға қайта оралтуда халқымыздың туыстық қалпының ғасырлар бойы сыннан өткен қасиеттерін күнделікті өмірде орнықтырудың мәні басқа. Мәселен, жақын адамын жатсынып, үйіне жуытпайтын немесе қартайған ата – анасын дастарқан басынан алыстататын жүгенсіздерді бірден партия немесе кәсіподақ жиналысына сүйремей – ақ, ағайын – туған ортаға алып, тезге сап, жан – жақтан білген ақылын айтып жатса, айып па?
- Осы ретте дін де көмекке келмес пе екен?
- Кейінгі жылдарда, жалпы азаматтық мүдделердің басқалардан баяндырақ, бағалырақ екендігі мойындала бастағаннан бері дінге деген көзқарастың біршама өзгеріп келе жатқандығы мәлім.
Теледидарда дінбасының жексенбілік уағыз айтқанын да онша тосырқамайтын болып қалдық. Рас, бір нәрсені бастасаң, екінші жағына шығып біткенше тыным таппайтын ескі әдетпен қазір біраз жұрттың социалистік қоғам жұрты душар болған қиыншылықтарды жою үшін ең алдымен діни насихатты күшейту қажет деп есептейтіні, діннің күрделі құбылыс болғандықтан күнгейі мен көлеңкесі болатынын ескере бермейтіні қынжыларлық. Дегенмен, діннің бүгінгі өмірге нақты ықпал жасай алатын қасиеттерін де бағаламау да әділдік болмас еді. Міне, сондықтан да біз азаматтардың ар-ождан бостандығын кұкын қамтамасыз етуді, идеологиялық жұмысты мемлекет пен шіркеудің, мешіттің ара-қатынасы жайлы лениндік қағидаларға сай құра отыра, дінге сенушілердің мүддесін мұқият ескеретін болдық. Әрине, совет заңдарына кереғар келетін іс-әрекеттер жасап, теріс насихат жүргізетін діни қауымдастықтардың жөні басқа.
Өткен жылдын діндер қауымға әкелген жаналығы Алматы да республика мұсылмандарының кұрылтайы болып, онда Қазақ-қстанның өз дін басқармасы, өзінің мүфтиі сайланғаны. Бұрын бұл билік Ташкентте болып келген. Алматыда жанадан мешіт салу мәселесі де шешілді. Бұл терезесі тең, еңсесі биік қазақтың ұлттық сәулет өнерінің ерекшеліктерін ескере отырып салынатын зәулім ғимарат болмак.
— Қай жерден салынады?
— Қазіргі мешіттің жанынан. Орны кең әрі келім-кетімге де қолайлы. Автовокзалға да, жаңадан салынатын метроға да, көк базарға да жақын.
Ал енді діннің парасаттылыкка көмегіне келсек, Қазақстандағы православие шіркеуінің басшысы, Алматы және Қазақстан епископы Евсевийдің астанадағы Никольск шіркеуінде маскүнемдікті токтатуға шақырып, бірнеше рет уағыз айтқаны белгілі. А.С.Пушкиннің туғанына 190 жыл толуына орай жақында ұйымдастырылған салтанатты жаназада да ұлы ақын жырлап өткен ізгілікке, достыққа шақырған сөздер жүрекке жетіп жатты. Мүфти Рәтбек Нысанбайұлының да Алматы мешітіндегі жұма намазда, жергілікті мұсылман кауымындағы дұғаларында да адамның рухын асқақтататын асыл қасиеттерді ардақтап, адалдыққа, тазалыққа, жаман әдеттен аулақ болуға шакырып жүргенін біз жақсы білеміз. Қазір бізде жұмыс істейтін 52 мұсылман қауымының біразында жиналған жұртты мейірманды болуға тәрбиелеуге септігі тиетін дәру сөз жиі айтылатын сиякты. Мұнан ортақ іске келер пайда болмаса, зиян жоқ.
Бүгінгі көзі ашық халайық өз бағасын бере жатар деген оймен «Құранның» казақша шығуына да қарсылық білдірілген жок. Оны да аударып жатқан осы Рәтбек Нысанбайұлы.
- Қоғамның жан-жақты жетіліп, цивилизация биігіне көтерілуі үшін экономикалық фактор материалдық молшылық керек-ак. Ал соның сыңарындай рухани байлық деген киелі ұғым бар гой. Рухани байлықтың бір көзі мәдениет мекемелерінде жатыр. Ал сол мәдениет мекемелері дәл қазір осы биік дәрежеге, үлкен міндетке лайықты істер атқарып отыр ма?
- Ең алдымен, мәдениет деген ұғымның өзінің аясы өте кең екенін айтуымыз керек. Еліміздің бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарысты тұстардың түп-тамыры мәдениетке де
Тіреліп жатыр. Халықтық рухани мәдениеттің қазіргі деңгейі кім кімді де алаңдатпай коймас. Тоқырау жылдарында мәдени дамуға «калған-құтқан» коніл бөлінгендіктен, адамның жан дүниесін ұмыт қалдыра жаздағанымыздың зардабын енді тартып отырмыз.
Қазакстан халықтың санына шакканда театр, музей салу жағынан жалпы одақтык денгейден көп төмен тұр, ал цирк салу жөнінде одақтас республикалар арасында ен сонгы орында. Жұрттың мәдениет орындарына баруы да сирек. Қазақстан тұрғындарының өздері жұмсаған 1000 сомының жеті сомы ғана кітап сатып алуға, үш сом 80 тиыны киноға, 80 тиыны концертке, 30 тиыны театрға баруға кетеді екен… Эстонияда әр адам жылына орта есеппен 10 кітап алса, бізде әрбір он тұрғынға бір кітап сатылады екен. Баскасын былай қойғанда, көптен ансап күткен Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың кітаптарының Астана магазиндерінде иық тіресіп өтпей тұратынын калай түсінуге болады?
Қазіргі жағдайда суреткер интеллигенциямен жұмыс тәсілдері де түбірімен өзгеруге тиіс. Өнер адамына тиісінше кеңес беру үшін партия, совет кызметкерлеріне де мол білім, биік парасат, терең пайым керек. Оған сезімтал жүрек, ибадатты мінез байлығы қосылып жатса, нұр сүтіне нұр. Жалпы алғанда, мәдениет мекемелері қазіргі үлкен міндетке лайықты істердің ұйыткысы болып отыр деп айту қиын. Театр және концерттік мекемелердің репертуарына да қойылатын талапты күшейту кажет. Көпшілік қойылымдардың көркемдік денгейі де төмендеңкіреп кеткен. Театрға, концерттерге жұрттың көп бара бермейтіні ең алдымен осыған байланысты. Классикалық музыкаға, халық әндері мен билеріне де ықыласты шындап оята алмай келеміз. Оның үстіне «Қазақконцерт» бірлестігі, көптеген облыстық филармониялар, кооперативтер ұйымдастырған рок-ансамбльдерінің концерттері арқылы өздерінің кассалық жоспарларын орындай бастағанына мәз болып, төл коллективтерін шыңдауға енжарлық танытып жүр. Өнер коллективтерінің көпшілігінен әсіресе, жеке орындаушылардың үстінен сәнімен, жөнімен тігілген халықтың өзіне тән киім-кешегін де көре бермейміз. Шамасы, мәдениет саласын «басқарып» жүрген жолдастар қазақтың халықтық киімі неғұрлым олпы-солпы қонымсыз тігіліп, алабажақ ою жапсырылған, көбірек салпыншақ-эткеншектер қыстырыла берген болса, соғұрлым ұлттық болады деп ойлайтын болуы мүмкін.
Осылай тізбелей берсек, кемшіліктер көп-ақ. Оларды жою үшін нақтылы іс-әрекеттер керек. Бізде көпшілік жағдайда колда бар қазынаны қастерлеудің өзі де жетісе бермейді. Мысалға, Қазақстанның кино өнерін алсак, «бізде кино жок» деген тоқырау заманында қалыптаскан пікірден құтыла алмай келеміз. Дәл қазір олай деу қиянат болар еді. «Қазақфильм» киностудиясында кейінгі кезде шығарылған «Ине», «Қиян», «Адамдар арасындағы бөлтірік» фильмдері шетелдік, одақтық кино фестивальдардан қос-қостан жүлде алып оралды. Кино мамандары бұл ленталарды өте жоғары бағалады. Өкінішке орай, өзіміздегі бұқаралық хабарлама кұралдары жас режиссерлердің табысына дер кезінде лайыкты баға бере алмады, ол ол ма, кейде талантты туынды жөнінде фельетон жазып, білместік танытып жатты. Қылқалам шеберлерінің, сәулетшілердің туындылары да дұрыс бағалана бермейді.
Сұрағыңызға берілген жауаптың басында айтылғандай, мәдени деңгей дәрежеге қойылар талаптың төмендеп кеткені өкінішті-ақ. Белгілі өнертанушы В.Недошевин «Коммунист» журналында жарияланған өзінің мақаласында Батыстағы электрон корпорацияларында жұмысқа алардан бұрын жауапты қызметкерлерге Шекспир пьесаларын талдататындығы жөнінде жазған еді. Иә, болашақта экономикалық-әлеуметтік және қоғамдық салаларды осындай интеллектуалдық өресі кең адамдар ғана басқара алатын болады. Біздегі сапасыз өнім халыққа қызмет көрсетудің пәтуасыздығы, сауда, қоғамдық тамақтану орындарындағы келеңсіздіктер, кезектегілердің талабын тыңдауға келгенде қит етсе айкайға басушылық көргенсіздіктің ғана нышаны емес, адамның жан дүниесін нұрландыратын әдебиет пен өнерден, имандылық пен этикадан беймағлұмдықтың белгісі. Ол мұның бәрі рухани салаға халық шаруашылығының аса бір кажетті тұтқасы ретінде қарамайынша өзгере қоймайды. КПСС Орталық Комитетінің партиянын XXVIII съезіне ұсынар Платформасының жобасында мәдениеттің рөлін көтеру көзделгені үміт ұялатады. Өз тарапы мыздан біз де Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті платформасының жобасында бұл мәселеге тиісінше көңіл бөлмекпіз.
Тағы бір көңіл қоятын нәрсе мәдениеттің көсегесінің көгеруі тек қаржыға тіреліп тұрмайтындығы. Көп нәрсе осы істің басыкасында жүрген азаматтарға, суреткер интеллигенция өкілдерінің қоғамдық белсенділігіне, олардың бойына біткен табиғи талантын дер кезінде танып, бағалап, соны шашпай-төкпей халыкка беруіне толық жағдай жасауға байланысты. Ал бұл бағытта бізде кейінгі кезде бірқыдыру іс атқарылуда дей аламыз. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Идеологиялық комиссиясының жаңара бастаған қоғамдағы мәдениеттің рөлін арттыру жөніндегі тұжырымынан партия орындары мәдениетке басшылық етуге қажет көптеген бағыт-бағдар таба алады.
Бүгінгі таңда мәдени мұраларды игеру ісін қоғам мүшелерінің деңгейін көтерудің бірден-бір жолы деп қараған жөн. Ал әдебиет пен өнер тарататын мекемелерді тек көңіл көтеретін, дем алдыратын, уақыт өткізетін орын немесе суреткер қауымның басын біріктіретін шығарымпаз одақтардың аясы ретінде ғана емес, жұрттың рухын көтеретін, жігерін тасытатын, ұлттық сана-сезімін оятатын, қажыр-қайратын нығайтатын кешен ретінде қарағанымыз абзал. Сонда ғана көп ұлтты Қазақстанның алуан бояулы мәдениеті мен өнері өрлеп, мерейімізді үстем ете беретін болады. Мұның өзі баршамызға ортақ міндет.
— Әңгімеңізге көп рахмет.
«Социалистік Қазақстан», 14 наурыз, 1990 жыл