Жекеннің орманы

0 63

Журналшылар да түйе сияқты: арқалағаны – алтын, жегені тікен.

Газетте істеп жүргенде ЦК-дан талай таяқ жедік.

«СҚ» — да Жекен Жұмақанов деген жазушының қарамағында біраз болдым.

Жарықтық, газеттің келесі нөміріне кезекші болғанда, бетті оқып отырып:

– Шіркін, бір асыранды ақ тышқан болса, газеттің бетіне жүгіртіп жібергенде иіскеп-иіскеп, қатесі бар жерде екі аяғын көтеріп, шыңғырып-шыңғырып жіберсе, қатені түзетіп, редактордан сөгіс алмас едік, – деп армандап отырар еді. Әлі күнге дейін ақ тышқан жоқ.

Бір кем дүние.

Leave A Reply

Your email address will not be published.