Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секраторы Н.Ә.Назарбаевпен Социалистік Қазақстан газеті редакторының сұхбаты
Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз бастаған Қазақстан делегациясы таяуда Канада мен АҚШ — қа барып қайттыңыздар. Бұл хабарға халықтың құлағы елең етті де сапар немен аяқталганын білуге құштар болып отыр. Бұл жөнінде Социалистік Қазақстан оқырмандарына не айтар едіңіз?
Н.Назарбаев Канаданың Саскачеван деп аталатын аймағы бар. Сол провинциясының табиғаты, жер жағдайы, ауа райы біздің Қазақстанның астықты өлкесімен үндес екенін бұрыннан білетінбіз. Қазақстанның ауыл шаруашылығы мамандары, партия, совет қызметкерлері Саскачеван елімен бұрыннан байланыс жасап келеді. Мысалы, ауыл шаруашылығының ірі ғылымы Мэхлис Сүлейменов және де басқа мамандар бұл елге бұрын да барған. Сондықтан байланыс бар деп айта аламыз.
Бұл – барыс – келіс жай қыдырыс емес, кәдімгідей күрделі жұмыс. Бұл – игілікті ізденіс. Саскачеван провациясының примьер – министрі Грант Дивайн деген кісі арқылы маған сәлем айтып, шақыру қағаз жіберіпті. Сол тілекке орай, шақыруды қабыл алып, біздің бір ттоп азаматтар Канадаға аттандық. Менімен бірге Қазақстан Корпарациясы Орталық Комитетінің секретары Валентин Иванович Двуреченский, республика агроөнеркәсібінің жаңадан болған жетекшісі Балташ Тұрсынбаев, Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші секретары Сәбит Байжанов, Павлодар облыстық партия комитетінің бірінші секретары Юрий Алексеевич Мещеряков, содан соң жоғарыда аталған Мэхлис Сүлейменов болды. Шақырып отырған примьер-министр. Менің Канадада бұл бірінші рет болуым.
Сапар Саскачеваннан басталды. Саскачеван – Канададағы он провинцияның біреуі. Көлемі шағын. Бірақ жер бедері, табиғаты біздің тың облыстардағыдай. Жер құнарлығы да содай. Дегенмен, мұнда ылғал молырақ. Жылына 400-500 миллиметр жауын жауады, ал бізде сол жауын 180-250 миллиметр аралығында ғана. Содан да олардың табиғат жағдайы біздікінен гөрі қолайлылау.
Біз барған тұста, Саскачеванның орталығы Риджайна деген қалада ұлан – асыр көрме ашылды. Біз мал көрмесін аралап көрдік. Мысалы, мұнда асыл тұқымды ірі қара малы өсіріледі екен. Бұл салада бұрыннан алыс – берісіміз болғанмен, бізде мына көрмеден көрен Герефорд, Ангус деген асыл тұқымдар аз. Ол малдың әр басының салмағы орташа есеппен 500-600 кг- нан болып келеді екен.
Ал енді сол малды күтіп – бағу әрекеті біздікінен әлдеқайда ілгеріде жатыр. Өйткені мұндағы фермер әрбір бұзауын балаша мәпелеп өсіреді.
Бұрын ойлайтынбыз: әр фермер өзінше тіршлік етіп, өз күнін өзі көретін шығар деп. Сүйтсек, олай емсе екен. Фермерлер жеке — жеке дегенмен, олардың басын қосатын ұйым болады екен. Бір аймақ болып көрші – қолаң бірлеседі екен. Саскачеванда барлық фермерлерді қамтитын ПУУЛ деп аталатын үлкен кооператив бар. Ауыл шаруашылығы кооперативі. Фермерлер жиналып кооперативтің басшысын сайлайды. 60-70 адамға дейін президиум болады.
Ал енді осы президиум фермерлердің малын қайта
өткізу керек, қандай бағамен сату керек, шетелдерде қандай баға бар, қандай кемемен тасу керек, қысқасы, фермерге не тиімді, қандай көмек керек, міне, осы мәселелермен айналысады. Нағыз демократиялық ұйым. Ал біз болсақ осындай берекелі іске жете алмай жүрміз. Бұл ұйымды нағыз социализмге лайықты деп айтуға болады.
Фермерлер қандай өнім шығарады, қанша шығарады, қанша уақыт жұмыс істейді, қандай мал өсіреді, қандай егін салады, қайда апарып сатады — өз еркі. Бірақ әлгі ұйымға кіру оған өте тиімді, пайдалы. Сондықтан ұйымға кіреді. Ал сол фермерлердің басын біріктіріп отырған әлгі ұйым оларды тыңайтқышпен, жер жыртып, егін егетін машиналармен, комбайндармен қамтамасыз етеді. Фермерге не керек — бәрін тауып береді. Анау жок, мынау жок деген әнгіме оларда болмайды.
Осы тәсілді Қазақстанда толық пайдаланудың жөні бар.
Әр фермер өзінің еңбегіне, іскерлігіне, ұқыптылығына қарай күн көреді. Жалқау болсаң – ісің ілгері баспайды. Банкрот боласың. Ерінбей еңбек етсең — табыстың астында қаласың.
Бейнеттің зейнеті — сол. Сондыктан да мұнда егіншілік пен мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Ал біз неге сондай бола алмаймыз деген сұрақ туады. Бізде де солай болуы керек.
Енді жемшөп жайын айта кетейік. Канадада рапс деген өсімдік егеді. Міне, бұл нағыз малдың азығы. Белокка бай. Рапстың өзі жем әрі майын алады. Сол майды шетелдерге де шығарып сатады. Қазақстанда бірлескен өндіріс ашып, рапс өнімін өңдейтін завод салып, біздің «Целиноградсельмаш» заводында Саскатун каласында орналаскан машина жасау фирмасымен бірлесіп машина шығару жөнінде шарт жасастық.
Осылайша екі-үш күннің ішінде талай жерді аралап, фермерлердің мейманы болып, жай-күйімен таныстык. Нәтиже: біріншіден, асыл тұқымды мал; екіншіден, малдың азығы, үшіншіден, сүт өндіру тәсілі: төртіншіден, осының бәрін аткаратын машина жасау шаруасы. Міне, біз осы бағыттарда бірлесіп кимыл жасауды көздеп отырмыз. Енді осы қаңтар айының ішінде Канададан бізге солардың өкілдері келіп, жаңағы айтылған жағдайлар жөнінде нақты шартты іске асыра бастауға келісіп отырмыз. Әрине, бұган уақыт керек.
Ал енді біздің республикада баяғы Ауыл шаруашылығы министрлігі кезінен бастап, қазіргі Агропромга дейін самарқау-салқын қарап келе жатқан бір сала бар. Ол — түйе мен жылқы. Азық-түлік мәселесі қытымырлау осы тұста түйе мен жылқы берекелі мал ғой. Бірақ басшылық көңіл бөлмеген соң мешеулеп қалған. Шаруашылық басшылары жылқы мен түйе басын көбейтуге мүдделі емес. Өйткені, осы түлікті мемлекетке өткізген кездегі өзіндік құны өте төмен. Сондықтан да бұдан келер пайда шамалы. Жылқышы мен түйешінің де жалақысы жарытымсыз. Осының бір ретін табуға болмай ма?
Н.НАЗАРБАЕВ: Бұл енді, шынында да, өте үлкен мәселе әрі қиын, керек десеңіз, тарихи мәселе. Тарихқа кетіп қаласың. Қазақстанның жері бір кезде жайылымға бай болған. Ата-бабаларымыз қазіргі ғылым жете алмай жүрген тәсілді мейлінше меңгерген. Жаз жайлауы, қыс қыстауы малға тиімді не бар, бәрін білген. Біз астық-астық деп миллиондаған гектар жерді жыртып тастадык. Жайылымнан айырылып калдык. Әрине, астық та керек. 1920-жылдармен салыстырғанда Қазақстанда жылқының саны 3 есе, түйенің саны 5 есе азайды. Қазір сол ірі карага шакканда, қойы бар, сиыры, жылкы, түйесі бар, т.б. 14 миллионнан аспайды.
Ал әлгі сұраққа жауап іздесек, Хрущевтың кезінде малды. әсіресе, жылкыны құртып алдык. Мына машина заманында жылкы көлік ретінде де керек болмай калды. Осындай оспадарсыз саясаттың салдарынан дәстүрлі түліктер мүлде құрып кете жаздады. Хрущевтың тұсында жылкы республикамыздың миллионнан да төмен түсіп кетті. Қазір бір жарым миллионға әрең жеттік.
— Оның да жарты миллионға жуығы жекеменшіктікі көрінеді.
Н.НАЗАРБАЕВ: Ол рас. Ал түйе саны 143 мың гана, сол Маңғыстау, Гурьев, Актөбе, ішінара Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда аймақтарында. Қазір бұл түлікті де қолға алып жатырмыз. Ал бағасына келсек — қазіргі — баға әділетсіздік. Мәскеде казірден бастап ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы қайта қаралып жатыр. Ет, сүт, жүн, т.б. — бәрінің бағасы кайта каралады. Жылқының етін, мысалы, Франция сатып алады. Қазір Қазақстанның ірі-ірі қалаларының түбінен жылқы шаруашылығын ұйымдастырып, халыкты қымызбен қамтамасыз етуді максат тұтып отырмыз.
Жылкы көлік ретінде де қайта жанданбақ. Арендаға көшкен бригадалар тиын санай бастаған кезде, өнімнің өзіндік құнын есептей бастаған кезде, әне жылқы сонда керек. Трактор арзан ба, ат арзан ба? Әрине, аттың пайдасы су тегін.
Меніңше, жекеменшікте мал басының көбейгенін мейлінше қолдап отырмыз. Қанша ұстауға шамаң келеді, сонша ұста. Қолын қақпаймыз. Бұл — береке. Халықтың қолында малы болса — қалтасында қаржы, алдында тамағы болады.
Сондықтан жылқы мен түйе мәселесін арнайы әңгіме еткен дұрыс. Ендігі жерде республикада, облыстарда бұған қатты көңіл бөлінуі керек. Сүт жөнінен бірер сөз. Канада жағдайында 6-7 түрлі асыл тұқымды мал ұстайды. Сүт беретіні бір бөлек, ет беретіні бір бөлек. Тұқымына байланысты. Бізде 45-тен астам түрлі тұқым бар. Осыдан барып малдың тұқымының мидай араласып кетушен өнімділігі төмендейді. Біз қадағаламаймыз. Тұқым ретсіз араласып кеткен соң, ең асыл дегеннің өзінің аяғы шөп-шалам, кикым-сиқым болып кетеді. Ақыры жоғалып тынады.
Солай болып кетті ғой. Оның үстіне бір кезде СЖК деген бәле шықты. Қойдың басын көбейтпек болдық. Одан туған
қозы тышқандай болып қалды. Не еті, не сүті жок, бірак жем жегенде жеткізбейді. Қып-қызыл зиян. Осы бізде малмен айналысып отырған ғылыми институттар, ғалымдар бар емес пе?! Олар неге көмектеспейді? Ғылым сүт бермейтін қысыр сиыр сияқты. Мүмкін, қателесетін шығармын.
Н.НАЗАРБАЕВ: Ол ол ма, малдың ауруын қайтесіз. Туберкулез, бруцеллез деген ауру Қазақстанда көп. Мұндай індет көлемі баска республикаларда, тіпті әлемде жок.
— Сұмдық қой енді.
Н.НАЗАРБАЕВ: Сол ауруларға ем де жок. Жалғыз жол — ауру малды сойып құрту. Бізде ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесі бар. Мәскеу академиясының филиалдары бар. Соларға наразылык айтуға болады. Бұл өзі мықтап қолға алатын мәселе.
Дегенмен, әрекетсіз емеспіз. Бір кезде ірі кара салмағы 350 кг болса, қазір 400 кг-ға жетті, 35 кг-нан аспайтын кой енді 40 кг-нан өткізіле бастады. 5000 кг-ға дейін, одан жоғары сүт беретін сиырлар бар. Ал бірак 1500-1800 литр ғана сүт беретіндері де толып жатыр. Мәселе, тұқымда, содан соң жемшөпте болып тұр. Колхоз дейміз, совхоз дейміз. Бәрі дұрыс. Бірақ жекеге де көніл бөлуіміз керек. Адам өз жұмысының нәтижесіне мүдделі болуы керек. Әйтпесе, бәрі өкіметтікі болып кеткен. Сиыр да өкіметтікі, трактор да өкіметтікі, комбайн да өкіметтікі. Адамның өзінікі емес, баска біреудікі сияқты. Ал біреудікі болған соң немқұрайды карайды. Сондықтан қазіргі ауыл шаруашылығындағы экономикалык реформаның мәні әр бригада, әр гектар жерді өзімдікі деп санауы керек, әр сиырды меншігім деп қарауы керек. Ол үшін арендаға беру кажет. Нағыз аренда деген не? Мысалы, бір отар койды алдыңыз ғой. Мемлекет машинасын беріп отыр, жемшөбін беріп отыр, тұзын беріп отыр. Үйін салып беріп отыр. Не керегін беріп отыр делік. Күзде енді өкіметпен есеп айырысу керек. Ет өткіз, жүн өткіз. Шыққан шығынын және қазыналық салығынды өте. Қалғаны өз қалтаңа түссін. Мұндайда, амал жок, үнемшіл боласың — жанармай үнемдейсің, механизмді күтіп ұстайсың, жемшөпті ысырап етпейсің. Ыждағатты, ынталы боласың табыс табасың. Аренда деген осы. Бұл әзір қағаз жүзінде ғана. Шын мәніндегі аренда әлі жок.
Бірақ мықтап қолға аламыз. Алдағы ақпан айының 15-18-1 күндері Қазақстандағы барлык колхоздардың бастықтарын, совхоздардың директорларын шақырып, Алматыда үлкен жиын өткіземіз.
Негізгі мәселе ауыл шаруашылығындағы экономикалык реформаны іс жүзіне асыру.
Бәрекелді! Бұл дұрыс екен. Ал енді мынау республикамыздың өзін-өзі басқаруы, экономикалык дербестік жайын Сіз талай рет биік-биік мінберлерден өзек жарғандай өткір етіп айттыныз. Бұған халық әрдайым қуанып, енді оз колымыз өз аузымызға жететін шығар деп үміттеніп қалады. Осынын жағдайы қалай болып тұр өзі?
Н.НАЗАРБАЕВ: Бұл мәселені көптен бері көтеріп жүргеніміз рас. Бұған кайта құрудың өзі жагдай жасады. Қазақстан болса кенге бай, әсіресе, полиметалга. Ал мұнай, газ өз алдына. Мұнын бәрін осы уакытка дейін республикадан тысқары жөнелтіп жаттық.
Көмір шығарамыз, мұнай шығарамыз. Соның салдарынан алып кұрылыстарды сала бердік, сала бердік… Ал енді адамға күнбе-күнгі керекті тамак, киім, т.б. қажетті заттарды өндіру ісі әлгі алыптардың тасасында қалып қойды. Сондыктан әр адамға керекті заттардың 60 процентін басқа республикалардан тасып жатырмыз.
Бір сөзбен айтканда, біздің бай шикізат қорымыз тіптен арзан бағамен кетіп жатады. Байлығымызды арзанға сатып, қажетімізді қымбатқа аламыз. Бұл енді тоналу демей немене? Шынында да көңілге қонбайтын жағдай. Жұрт ойлайтын шығар: Назарбаев айтады, айтады, ал іс жүзінде қалай деп.
Әрине, бәрі бір сәтте бола қалмайды. Алдағы уақытта халық тұтынатын товарларды өз республикамызда өндіру көлемі едәуір ұлғаяды. Тамақ, киім, тағы баска бұйымдарға мұқтаж болып өзгелерге жаутаңдамайтын шығармыз.
Мен Канада мен АҚШ сапары туралы тағы бір-екі ауыз сөз айтқым келеді. Мұның өзі, шынын айтсақ, болашақта Қазақстанның экономикалык дербестігіне тікелей байланысты. Республика өзін-өзі басқару мәселесін шешкен кезде біз осы елдермен қандай қарым-қатынас жасай аламыз, республика халқына пайдалы не табамыз? Осы мәселе ойда жүрді.
Біздің кен орындарымызда миллиардтаған тонна қалдықтар тау-тау болып үйіліп айналаны былғап жатыр. Ал оның ішінде қаншама қазына бар десеңізші! Бірақ соны топырақтан ажыратып алатын технология бізде жок. Егер біз Канада, АҚШ-пен келісіп, әлгі ұшан-теңіз тау-тау қалдықты бірлесіп игеріп, пайдалы кенді ажыратып алсақ байлықтың үлкен бір көзі осы болмақ.
Сөйтіп, Қазақстан үшін өзін өзі баскару мәселесі, экономикалық
дербестік, шетелдермен байланыс мәселесі, тіпті, айталық, саяси дербестік аса маңызды мәселелер болып тұр.
Бұл қалай шешіледі? Былтыр тамыз айында Қазақстан Компартиясы Орталык Комитеті мен республика Министрлер Советінің басшылары Мәскеуде болып, Одақтық үкімет алдына мәселе қойдық. Қазақстандағы өнеркәсіп орындарынын 53 проценті тікелей одақтық министрліктерге бағынады. Ал 40 проценті одақтык-республикалық болып келеді. Олар да Мәскеуге бағынады. Ал, енді соншама байлық өндіріп жатқан өндіріс орындарынан не республикаға, не жергілікті Советтерге ештеңе тамбай тұр ғой. Сондықтан біздің талабымыз жер, су, жер қойнауы Қазақстанның өз билігінде болса. Мәскеудің министрліктерімен келісімге келеміз. Жерді, жер қойнауындағы кенді пайдаланғаны үшін жергілікті Советтерге салық төленсін.
Осындай әділетті талапка Мәскеу министрліктері қасарыса қарсы шығады. Менің айтып жүрген тұжырымдарым, әрине, оларға ұнамайды. Біздің мақсатымыз: біздегі әр заводтың, фабриканың, әр кәсіпорынның өздері шығарып жаткан игіліктерін өздеріне беру. Сонда өндіріс орны күшейеді, жұмысшылардың жағдайы жақсарады. Демек, Қазақстанның жалпы жағдайы жақсарады.
Мынаны қараныз, Павлодар облысында Майқайың дейтін алтын кені бар. Әзірге сол кеннен миллиардтаған сомның алтыны алынды. Бәрін Мәскеу алады, ал жергілікті халык, Майкайын жұрты жаман-жұман лапаста тұрады.
Немесе космодромды қараңыз. Бәріміз мақтан тұтамыз. Соның жанында Төретам дейтін мекен бар. Қасындағы Ленинск жайнап тұр, ал Төретамның жағдайы мүшкіл.
Атақты Ембі талай жылдан бері елімізге мұнай беріп келеді. Ал енді халқының жағдайына қараңыз. Дәл сондай мұнай беретін Кувейт дейтін кішкентай ел тек мұнайдың арқасында ғана дүние жүзінде бай, әл-ауқатты он елдің бірі болып саналады.
Бұл — өмірлік мәселе. Республиканың экономикалық дербестігін талап етіп талай жерде айтып жүрмін. Мұны бүкіл қазақстандықтар қолдауы керек. Алдағы ақпанның 14-і күні ашылатын СССР Жоғарғы Советінің сессиясы жер мәселесін, меншік мәселесін карамақ. Жер, оның қойнауы республиканың өз меншігінде болсын деп шешілуі тиіс. Біз федерацияны жақтаймыз. Үлкен Отанымыз Одағымыз бір болсын. Ал енді республиканың экономикалық дербестігіне, саяси дербестігіне, шетелдермен қарым-қатынастағы дербестігіне рұқсат болуы керек. Бұл мәселе шешілетін болса, менің әрекеттерімнің, сөздерімнің бекер еместігінің айғағы болмак.
Бұл өзі бүкіл халық болып ынтызарлана күтіп отырған жақсылық. Осы жақсылыққа қол жеткізсеңіз халықтың рахметін аласыз. Халықтың рахметі — құдіреттің нұры. Әйтпесе, ұят қой тіпті… Вахталық әдіс деген шығыпты. Мысалы, Теңіз аймағында. Ас пісірушілеріне дейін самолетпен тасып әкелетін көрінеді. Ондағы жалақы мол деседі. Соған қызығып ойдан-қырдан анталаушылар көп. Ал өмір бойы мұнайшылар әулеті болып келген жергілікті жұрт жұмыссыз жүр. Жаңаөзен жанжалы осындайдан шыққан жоқ па? Сол сабақ жетпей ме? Одақтық министрліктердің әділетсіздігінен тағы да бір жерде бірдеңе бұрқ ете қалса, кім жаман — Қазақстан жаман, қазақтар жаман болып шыға келеміз. Осының ал-дын алуға болмай ма?
Н.НАЗАРБАЕВ: Бұл жаңағы айтқан мәселемен жалғасып жа-тыр.
— Тікелей жалғасып жатыр.
Н.НАЗАРБАЕВ: Мәселе — экономикалық дербестікте. Айталық, мұнай, көмір… Осыдан түскен табыстың кемінде 60 проценті республикада калуға тиіс. Жерге, кенге жергілікті Совет қожайын болсын. Жергілікті Советте қазір билік те, қаржы да жок. Ол қандай өкімет?! Міне, сол жергілікті өкімет өз жерінде шығып жатқан кеннен түскен табыстың 60 процентіне ие болуы керек. Жағдай да, заман да сонда түзеледі. Өйтпесе, ешқандай экономикалық дербестік болмайды. Бұл үшін де алда талай күрестердің бар екенін айта кету кажет.
— Нұрсұлтан Әбішұлы! Өзіңіз Қазақстан өкіметін басқарып отырған кезде республика Министрлер Советі бір оңды қаулы қабылдады. Экономика, мәдениет жағынан артта қалған, шалғай жатқан 30 ауданға қолұшын беріп, жағдайын шұғыл жақсарту туралы шешім қабылданып еді. Ал енді қазір байқасақ, бәлендей ілгері басып кеткен іс жоқ сияқты. Республика үкіметі өз қаулысын өзі қадағалап, оның іске асуын бақылап отырмай ма, қалай?..
Н.НАЗАРБАЕВ: Сол республика Министрлер Советін баскарып тұрған кезімде шалғайдағы аудандарды көп араладым. Адам жаны түршігетіндей жағдайларды көрдім. Көптеген ауылдарда мектеп жоқ, аурухана жоқ, дәріхана деген атымен жок. Ал соның көбінде казактар тұрады. Республикадагы 207 вуданның 70-інін экономикалық жағдайы өте төмен. Соның ішінде 30 ауданды Министрлер Советі өз камқорлығына алып, былтыр 120 миллион сом каржы бөлсе, биыл 170 миллион сом бөліп отыр. Ал келесі бесжылдықта жылына бұл каржы 240 миллион сомға жетпек. Ал енді осы қаржыны облыста баска максатка пайдаланып кетіп жүрмесін және игеретін болсын. Міне, осыны қадағалау керек. Шалғай аудандар мәселесін «Социалистік Қазақстан» біршама көтеріп-ак жүр. Енді әлгі қаржы қайда кетіп жатканына назар салса, артық болмас еді. Айталық, алыстағы бір ауданда мектеп салынуы керек, монша салынуы керек. Соны Алматыдан барып біреуy басқарып отыруға тиіс пе? Аудандық өкімет бар, обком бар, колхоз, совхоздың жетекшілері бар. Жауапкершілік соларда. Ал министрлер керек-жарақпен қамтамасыз етпесе — солар жауап берсін.
Ендігі бір ерекше документ Тіл туралы Заң ғой. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Бұл үшін халық дән риза. Ал енді осы заңды жүзеге асыру мәселесі қалай деп ойлайсыз. Айталық, марксизм-ленинизм туындыларының ондаған томдары қазақшаға аударылды. Соншама рухани қазынаны қамтуға жеткен қазақ тілі неге ғана осы тілде философиялық еңбектер жазуға жарамайды. Республикада айтулы, биік мәртебелі философтар бар. Ал солардың қазақ тілінде еңбек жазатындары жоқтың қасы… Бұл әлде қазақ тілін менсінбеушілік пе екен?
Н.НАЗАРБАЕВ: Мен бұрын да айттым, тағы да айтамын. Қазақ тілі Абай мен Махамбеттің, Сүйінбай мен Жамбылдың тілі. Бұл небір ғажайып қиссалар тілі, Мұхтар Әуезовтің, Мағжан Жұмабаевтың, Ғабит Мүсіреповтің тілі. Бұл тілсіз қазақ халкы да жоқ. Заң дейтін заң бұдан бұрын да кабылданған. Бірақ ұмыт қалған. Енді елеусіз қалдыру кылмыс. Бірақ бәрін ақылмен, сабырмен іске асыру керек. Айталық, әртүрлі жиындарда қолданылатын ілеспе (синхронды) аударма деген бар. Соның мамандарын даярлауымыз керек. Ол аудармаға керекті техника, аппаратура деген болады. Соны дайындап алуымыз керек. Мұның бәрі көп қаржыны қажет етеді. Менің ойымша, алдағы оқу жылынан бастап мектептерде 1 кластан-ақ қазақ тілін оқыта беру керек. Оның бағасы аттестатқа жазылатын болады. Жоғары оқу орындарында 1 курстан бастап қазақ тілі жүретін болады. Содан кейін барлық мекемелерде қазақ тілін оқытатын курстар жұмыс істей бастайды.
Республикада тұратын орыс азаматтарының бұдан сескенетін түгі жок. Біз жастар жағы үйренсін дейміз. Ал үйренем деген ересектерге барынша жағдай жасау керек. Бұл үшін сауатты сөздіктер, тілашарлар шығарыла береді.
Ал ендігі мәселе — қазақтар тығыз тұратын аудандар жайы. Халкының 70-80 проценті қазақтар болса, ол жерде іс қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Мен көп аудандарды араладым, шамамен, 80 ауданда істі қазақ тілінде жүргізуге әбден болады. Қызылорда, Гурьев, Шымкент, Жамбыл, Ақтөбе, Семей сиякты жергілікті халкы мол облыстардың көп жерлерінде іс баскаруды болашақта қазақ тілінде жүргізуге болады.
Бізге кезінде орыс тілін білмесеңдер, нан таба алмайсыңдар деп құлағымызға әбден сіңірді. Ол кезде оның жаны бар сөз еді. Орыс тілін білмесең, жоғары окуға түсе алмайтынсың. Енді көптеген институттарда ІІІ курсқа дейін көп пәндерден сабак қазақ тілінде жүретін болады. Әйтпесе қалай? Ауыл шаруашылығы, медицина, мал дәрігерлігі, т.б. оқу орындарын бітіргендер ертең сол алыс аудандарға, елге бармай ма, қазақша білмесе олар қайтіп жұмыс істейді?
Мұның бәрі айтуға оңай, ал іс жүзінде көп кедергілер бар. Оқулықтарды қазақшалау керек, қазақша сапалы оқыта алатын мамандар даярлау қажет. Міне, сондықтан бұл іс апыл-ғұпыл асығыстықты көтермейді. Бәрін саралап, салалап тындырымды, берекелі іс бітірген оңды ғой.
Келесі бір тындыратын іс мекемелердің, көшелердің, елді мекендердің аты-жөнін дұрыстап қазақшалап жазу мәселесі.
Жаксылык бірте-бірте келе берер, аты ұмытылып кеткен ақын-жазушыларымыз, ардагер қайраткерлеріміз ортаға қайтып оралып жатыр. Бұл салада Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті біраз жұмыс істеді.
Ал енді тарих, философия деген ғылымдарға келсек, бұл салада ешкімге ешқандай пайдасы жоқ диссертациялар көбейіп кетті де, ғылымның өзі мардымсыздау болып қалды. Әлі күнге дейін халқымыздың, жеріміздің мейлінше шыншыл жазылған тарихы жоқ. Біздің балаларымыз алыстағы Египеттің тарихын жақсы біледі, ал өз тарихымызды білмейді.
Бұл, әрине, намыска тиетін нәрсе. Нағыз шыншыл тарихымызды жасауымыз керек. Өз тілін менсінбейтін нигилистер өзгені де жарылқамас.
Өткен жылы «Қазақ әдебиетінде» жарияланған әнгі менізде Сіз көрші жатқан туысқан республикаларда, қазақтар көп тұратын көрші мемлекеттерде республикалық газеттер мен теле-радио тілшілерін ұстау жөнінде сөз қозғап едіңіз?
Н.НАЗАРБАЕВ: Мен ол пікірімнен әлі кайткан жокпын. Алдағы уақытта Орта Азия республикаларының басшыларымен кездеспек ойым бар. Сонда осы мәселені де қоймақшымын. Бұл ғана емес. Орта Азия мені Қазақстанның аймақтық экономикалық, мәдени байланысын нығайту ісін нақты шешу міндеті де тұр. Көрші отырып бір-бірімізбен тиімді қатынас жасамауымыз жарас-пайды-ак. Ал бұл республикалар тиімді алыс-беріс жасаса, одан түсер пайда шаш етектен. Әрине, бұл мәселенің шешілуі көршілес республикалардың да осындай ынтасы болуын талап етеді.
Енді сәл ұсақтау көрінгенмен біз үшін өте маңызды бір сұрақ. Баршаға мәлім, қазір баспасөздің рөлі қай кездегіден артып, жұртшылық назарын өзіне үйіріп алды. Қазір көпшілік «оразасын» газетпен ашады. Сөйте тұра біз «қағаз жок» деген қақайып қалған желеумен газетіміздің тиражын өсіре алмай-мыз. Дәл қазір, сенесіз бе, бүкіл республиканың киоскілеріне «Социалистік Қазақстан» газетінің үш-ақ мың данасы түседі. Ал жаздырып алатындар саны 200 мыңның төңірегінде. Тым аз. Шектеу деген сұмдық. Ал енді орталық газеттерге шектеу де жоқ, қысым да жоқ, миллиондап өсіп жатыр. Қағаз сонда Москваға қанша қаласа да табыладыдағы, республикаға келгенде неге құрып қалады? «Шөміштен қысу» деген осы емес пе?
Н.НАЗАРБАЕВ: Қиындықты басына түскенде сезесің. Қазақ-стан қағазды да сырттан алып отырған жоқ па? Бізде ондай өндіріс жок. Менің бағанадан бері, бұрын да, ылғи да айтып жүргенім осы емес пе. Экономикалық ерік қолымызға тисе, Қазақстанның су тегін ағыл-тегіл кетіп жатқаны байлығы: көмір, темір, мұнай, түсті металл, т.б. дүниелік республиканың өз билігінде болса біз қағаз ғана ма екен, барлық зәруліктен арылар едік қой… Мен сол шетел дерге барғанда білдім қағазды олар Кәдімгі сабаннан да жасайды екен. Ал сабан деген бізде тау-тау болып үйіліп шіріп жатқан жоқ па?! Әсіресе, күріштің сабанынан аса сапалы қағаз шығатын көрінеді. Енді сол шетелде сабаннан қағаз жасай алатын заводтар-ды бізде бірігіп салуға келісім жасамақшымыз. Бар мәселе қазір шетелге сататын өнімдер мен бұйымдарға еркіміз жок.
— Өткен бір әңгімеңізде жаңағы көрші республикаларда және шетелдерде тұратын қазақтармен қарым-қатынас, қолдан келген көмек туралы жақсы лебізді сөз айтып едіңіз.
Н.НАЗАРБАЕВ: Міне, содан бері бір жылда таяу уақыт өтіпті. Осы аз мезгілдің ішінде бұл салада біршама жұмыс істелді десе болады. Айталық, Астрахань облысында тұратын ағайындарға бір топ жазушылар барып қайтты. Түрікменстандағы туыстарға баспагерлер, артистер барды. Басқа облыстағы қазақ оқушыларына арнап кітап, оқу құралдары жіберілуде. Жакында Қазақстан мен Орта Азия республикаларының денсаулық министрліктері өзара шарт жасасты. Мәдениет саласында да осылай. Қытайдың Шынжаңымен қатынасты күшейтіп жатырмыз. Әсіресе, сауда-саттық саласы дамып келеді. Алматы-Үрімші әуе жолы ашылды. Алдағы кезде темір жол да істей бастамақ. Моңғолиядағы қазақтармен де карым-қатынас жиілей бастады. Бұлармен экономикалық, сауда, мәдениет қатынастарын жетілдіре береміз. Омбы облысынан, Түрікменстаннан біраз қазақтар атамекеніне көшіп те келді. Ондай ойы бар ағайынға Қазақстанның есігі ашық. Әрине, жылдар бойы кұтты мекені болған қонысты тастап көшу де оңай емес. Әйткенмен, «ат айналып қазығын табар» деген. Кезінде ел басынан түрлі-түрлі тауқымет өтті, көбісі лажсыздықтан атақоныстан кетті. Онысы үшін оларды ешкім де кінәлауға қақысы жоқ.
— Соңғы сұрақ: тек партиялық мемлекеттік қайраткер ретінде ғана емес, халқымыздың перзенті ретінде нені, нелерді армандайсыз?
Н.НАЗАРБАЕВ: Ең алдымен, елдің амандығын, бейбітшілігін армандаймын. Халықтың қайғы-қасіретке ұшырамауын армандаймын. Азаматтарымыз алтыбақан алауыз болмай, береке-бірлікке ұмтылуын армандаймын. Елімізде экономикалық-материалдык молшылық болса екен. Ол үшін республикаға сол экономикалык дербестік тізгіні тезірек тисе екен. Халқымыздың рухани әлемі кеңейе түссе екен. Материалдық молшылық пен рухани байлын ұштасқан жерде «жік» шығуы мүмкін емес. Сонда көп ұлтты Қазақстанға, оның байырғы тұрғындарына ақжарылқап күндер туар еді-ау, сол жарылқап күндер ертерек келсе екен деп армандаймын және сол үшін жан аямай қызмет қыламыз ғой деп ойлаймын.
Әңгімелескен Ш.МҰРТАЗА «Социалистік Қазақстан», 2 ақпан, 1990 жыл