Тізгінге ие бола алмай қалған. Ақтөбе облысында 15 жастағы оқушы апаттан қаза тапты

0 547

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында кәмелетке толмаған бала жол апатына түсіп, қаза тапты, — деп хабарлайды «Диапазон».

15 жастағы оқушы «Иж Планета-5» мотоциклінің тізгініне ие бола алмай, аударылған. Оқиға 10 мамырда болған.

Өңірдегі Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім Базой аулынан үш шақырым қашықта шлемсіз, жүргізуші куәлігінсіз келе жатқан және мотоциклде тіркеу нөмірі болмаған.
«Зардап шеккен 9-сынып оқушысы медициналық стационарға жатқызылған, бірақ алған жарақаттарынан қаза болды», — деді ведомство өкілдері.
Leave A Reply

Your email address will not be published.