«Рухани керуен» Жамбыл ауданында

0 440

   Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Рухани керуен» жобасының «Тарихқа тағзым күні» мерекесі Жамбыл ауданында жалғасты.
Сарысудан жеткен қонақтарды Жамбыл ауданның ардақты азаматтар, зиялы қауым өкілдері Айша бибі ауылында күтіп алды.
Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелеріне құран бағыштап, ауылдық мәдениет үйінің алдында Жамбыл ауданының әншілері, әжелер тобы домбырамен әндетіп қарсы алады.
Сарысу ауданының тұлғаларын таныстырған кітап көрмесі қойылды, Сарысулық жастар домбыра жасау, сурет салу, ас-тағам пісіру өнерін көрсетті.
Концерт залында Сарысу ауданының өнерпаздары өнер көрсетті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.