Шымкент маңындағы ауылда гранатаға ұқсас зат табылған

0 278

Шымкенттік полицейлер ауылда табылған бомбаны залалсыздандырды, деп хабарлады Polisia.kz.

 2021 жылдың 11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген кезінде гранатаға ұқсас затты тауып алған. Кейін болған жағдайды Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне хабарлады. Аталған хабарлама бойынша Еңбекші АПБ-ның полиция қызметкерлері шақырту болған жерге шұғыл барды.

Тексеру барысында тәртіп сақшыларымен қара түсті граната анықталып, қоршауға алынып, залалсыздандырылды.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.