Шарында 60 адам қаза тапқан апатта аман қалған жүкті келіншек оқиға туралы айтып берді

0 502

Осыдан 54 жыл бұрын  тұтқиылдан тап берген табиғаттың тосын мінезі 60 адамның өмірін жалмады.

Сол қаралы күннің куәгері жарты ғасырдан кейін өзі басынан кешкен оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Роза Араева әлі күнгі сол кезді қорқынышты түстей есіне түсіреді. Отбасымен Кеген ауылына жолға шыққан. Өкінішке қарай бұл трагедияда күйеуінен айырылған.

— 12-маусым болатын. Біз мінген автобуста орын аз болғандықтан сығылысып отырдық. Көпірге жеткен кезде тау жақтан судың қара көші байқадым. Құдды айдаһар ма деп қалдым. Ә деп үлгергенше біз сол толқынның астында қалдық. Әрі қарай ештеңе есімде жоқ. Есімді біраз уақыттан кейін бірақ жидым, — дейді.

Сол кезде жүкті болған келіншек қалай аман қалғанына таң қалады. Талды қармап үлгергені әлсін-әлсін есінде. Одан кейін басқа жігіттер көмектескен. Адамдардың мәйіті көз алдында қалқып ағып жатқан дейді. Роза Араева мұндай апаттың қайталанғанын қаламайды.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.