РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІ

0 775

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымызда бірқатар тың жобалар жүзеге асуда. Оған жастар да өз үлестерін қосып, ауданның қоғамдық-мәдени әлеуетіне серпіліс әкеліп жатыр. Осы орайда, бүгін ауданынымызға Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Ринат Даниярұлы Нұрақбаев жұмыс сапарымен келіп, бірнеше нысандарды аралады.


Іс-сапар барысында Ринат Даниярұлы Луговой және Абай ауылдарындағы асарлатып салынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жобаның басты мақсаты – халықтың бірлігін арттыру, мұқтаж жандарға көмек беру. Міне, Ринат Даниярұлы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын көріп, өзінің оң бағасын берді.

Бұдан кейін облыстан арнайы келген спикер қонақтың жұмыс кестесі аудан әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өрбіген «Рухани жаңғыру – қазақ өркениетінің жаңа дәуірі» атты іс-шарасымен өз жалғасын тапты. Іс-шара барысында «Өнер» мектебінің қолөнер көрмесі мен аудандық орталық кітапхананың «Ұлы даланың жеті қыры», «Туған жер», «100 жаңа есім», «100 жаңа кітап» көрмелері көрсетілді.

Сондай-ақ, аудандық жастардың ұйымдастыруымен асық ату, арқан тартыс, қол күрес сынды ұлттық ойындар ойнатылып, іс-шара соңы Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына арналған мерекелік концертке ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.