Мемлекет басшысы «Спутник-V» вакцинасын салдырды

0 9

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook  парақшасында хабарлады.Оның айтуынша Президенттің  жағдайы жақсы. 

«Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы.

Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулер алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы.

Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ  екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын», – деп жазды Берік Уәли.

Leave A Reply

Your email address will not be published.