Республика бойынша көктемгі, жазғы балық аулауға тыйым салынды

0 481

 

Қазақстанның су айдындарында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлады paryz.kz, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

«Бұл шаралар өте маңызды. Бұны қолға алмасақ, балық аулау — балықтың белгілі бір түрлерінің көбеюіне, едәуір қысқаруына әсер етіп, мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Мұндай зардаптарға жол бермеу үшін су шаруашылығы бассейндері ауқымында балық аулаудың зиян келтіруі мүмкін нақты күндері айқындалады», — делінген хабарламада.

Министрлік балық аулауға тыйым салынған және жуырда аулауға тыйым енгізілетін аймақтарды атады. Олар:

    • Арал-Сырдария бассейні бойынша: Шардара су қоймасының акваториясында — 1 сәуірден 20 мамырға дейін;
    • Түркістан облысы шегіндегі су айдындарында және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде — 15 сәуірден 31 мамырға дейін;
    • Балқаш-Алакөл бассейні бойынша: Балқаш көлінде — 15 сәуірден 1 маусымға дейін, Қапшағай су қоймасында, оған құятын барлық өзендер мен ағындарда — 5 сәуірден 20 мамырға дейін;
    • Ертіс бассейні бойынша: Жайсаң көлінде және Қарақастан бастап бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде — 16 сәуірден бастап 30 мамырды қоса алғанда;
    • Бұқтырма су қоймасының терең сулы бөлігінде, бірінші Батин шоқысының басынан ағысты бойлап төмен қарай Бұқтырма ГЭС-не дейін — 1 мамырдан 15 маусымға дейін;
    • Есіл бассейнінің су айдындарында шортан, аққайран және көксерке аулауға — 15 сәуірден 15 мамырға дейін, сазан, тұқы аулауға — 20 мамырдан 20 маусымға дейін, гаммарус аулауға — 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін тыйым салынады;
    • Нұра-Сарысу бассейнінде көксерке аулауға тыйым — 20 сәуірден 20 мамырға дейін, сазан, тұқы — 1 мамырдан 30 маусымға дейін;
    • Тобыл-Торғай бассейні шеңберінде Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарының су айдындарында 20 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін шортан, сазан (тұқы), табан, лай, көксерке аулауға 20 сәуірден бастап 30 мамырға дейін тыйым салынған;
    • Жайық-Каспий бассейні мен Қиғаш өзені бойынша Каспий теңізінің қазақстандық секторы солтүстік бөлігінің акваториясында 25 мамырдан бастап 31 тамызға дейін, Жайық және Қиғаш өзендерінің қосалқы су айдындарында 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін балық аулауға тыйым салынды.
    • Аса өзенінде және Шу-Талас бассейнінің Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара жалғастыратын оның салаларында – 1 наурыздан 1 шілдеге дейін.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.