Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

0 511

Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді. «Қазгидромет» синоптиктері 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметі бойынша, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазақстан аумағына батыс антициклонның келуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, елдің солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін, күндіз 15-20 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күндізгі температураның 20-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның жеті аймағында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жариялаған болатын. 5 мамырда елімізде жел, найзағай және құмды дауыл күтіледі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.