ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

0 112

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған.

Ақиқатында халықты жұмыспен қамту орталығы қандай міндеттерді атқарады? Олардың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Жыл басынан бері неше адам жұмыспен қамтылды? Осы және басқа да сұрақтармен Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында болдық.

Осы тапсырмалардың іске асырылуы, жалпы, Сарысу аудан әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының 2021-2021 жылғы қаңтар-маусым айларындағы атқарылған жұмыстары туралы «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Сарысу ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директорының міндетін атқарушы Домалақов Ілияс Әлімбайұлымен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

— Ілияс Әлімбайұлы , орталықтың негізгі жұмысымен таныстырып кетсеңіз…

– Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді, уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.

Әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазіргі таңда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны –2 203, оның ішінен 1 776 ауыл тұрғындары.

— Статистикаға көз жүгірте кетсек, жыл басынан бері неше адам жұмыспен қамтылды?

— Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 2 118 (тұрақты жұмыспен -637; қоғамдық жұмысқа-639; жастар тәжірибесі бойынша-188;әлеуметтік жұмыс орындары -67, мемлекеттік қайтарымсыз грант- 300; «бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 266; шағын несие алғандар 21).

– Осы мемлекеттік бағдарламалардың қоғамға тигізіп жатқан пайдасы қандай?

– Пайдасы көп. Қоғамдық жұмыстар бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтып отырмыз. Олар қоғамдық бірлестіктерге барып, белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қиын жағдайға түскен азаматтар, сол сияқты жазасын өтеп келгендер де біздің көмегімізге жүгініп, өздерін бір қоғам мүшесі ретінде санауына толық жағдай жасалуда.

Бірінші бағыт: Қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша: Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша жылдық жоспар 50 адам. Оқу Жаңатас көпсалалы колледжіне электрондық-есептеу машиналарын баптаушысына 15 адам және минералды талдау зертханашы мамандығына 15 адам, Тараз қаласындағы «Eco Block» ЖШС-да электргазбендәнекерлеушіге 10 адам және «Бағыт Тараз» ЖШС-да нан пісірушіге 10 адам оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге 50 азамат оқуларын жалғастыруда.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша: 2021 жылы ауылдық жерлерге30 азаматқа шағын несие беру жоспарланып отыр, қаралған қаржы 131 000,0 мың теңге(Жаңатас қаласы, 8; Байкадам – 4; Жайылма-4; Игілік-3; Тоғызкент-2; Жаңаталап-2; Жаңаарық-2; Түркістан-3; Досбол-1; Қамқалы-1; ), қалалық жерге 12 адамға 150 000,0 мың теңге қаралған. Шағын несие алған21 адам.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру 2021 жылға300 адамға беру жоспарланған. Қаралған қаржы 175 020,0 мың теңге. Қазіргі таңда 300 азамат қайтарымсыз грант берілді, қаралған қаржы толығымен игерілді. Қосымша 300 адамға 175 020,0 мың теңге қаражат сұратылды.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

– Жыл басынан бері осы үш бағытта қанша адам жұмыспен қамтылды?
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 60 адамды жолдау жоспарланған. Оның ішінде (50 адам – республикалық бюджеттен 11 айға 15360,0 млн теңге 10 адам жергілікті бюджеттен 6 айға 1053,0 млн теңге),жолданғаны 67. Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жоспар 165 адам.

Оның ішінде (140 адам – республикалық бюджеттен 11 айға 61 257,0 млн теңге 25 адам жергілікті бюджеттен 6 айға 10939,0 млн теңге ), жолданғаны 188 адам.
Қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға жоспарланған адам саны-900, жолданғаны 639 адам. (Қаралған қаржы республикалық бюджеттен 600 адамға 8,5 айға 432004,0 млн теңге, жергілікті бюджеттен 300 адамға 6 айға 153000,0 млн теңге)

– Келушілерге тұрақты жұмыс тауып бере алмаған жағдайда не істейсіздер?

– Біз алдымен, оларды әртүрлі санатқа бөліп қарастырамыз. Кейбірінің мамандығы болмайды, біреулерінде қолында диплом бар, бірақ тәжірибеден өтпеген. Ондай жандарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етуге тырысамыз. «Жастар тәжірибесі», «қоғамдық жұмыс» және «әлеуметтік жұмыс орындары» деген бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз. Сол секілді қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдаймыз. «Жастар тәжірибесі» – жас түлектерге арналған, арнайы не жоғары оқу орнын бітірген жасы 29-ға толмаған, өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарлама. Тағы бір ескеретін жайт, олардың оқу аяқтағанына 3 жылдан аспау керек. Бұл бағдарлама бойынша жалақыны мемлекеттің өзі төлейді. Жұмыс алты айға арналған. Онда жас маман өз мамандығы бойынша тәжірибе жинайды.

Егер жұмыс берушінің көңілінен шығып жатса, 1-2 айдан соң-ақ, сол жерге тұрақты қызметке тұруына болады. Ал егер 6 ай бойы өзін көрсете алмаса, жұмыспен қамту орталығына қайта келіп тұрақты жұмыс іздейтін болады.

Ал «Қоғамдық жұмыстардың» негізгі шарты – өтінім берушілердің біліміне, жұмыс тәжірибесіне қарамау. Онда қатаң талаптар жоқ. Бұл бағыт бойынша 12 айға арналған уақытша жұмыспен қамтимыз. «Жастар тәжірибесіндегідей» жалақыны мемлекет төлейді.
2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап әлеуметтік желі арқылы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп тұрады.

Бүгінгі күнге 4 рет әлеуметтік желілер арқылы және барлық санитарлық сақтық шараларын сақтай отырып аудандық мәдениет үйінде 1 рет және халықты жұмыспен қамту орталығында 1 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Нәтижесінде әлеуметтік желі арқылы –28 сұраққа, дайрект арқылы -9 сұраққа жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және 10 азамат тұрақты және 17 азамат жастар тәжирибиесі, 15 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды.

Қазіргі танда 1009 жұмыссыз азамат есепте тұр, оның ішінде ауыл тұрғындары 809.Жұмыссыздар ішінде қоғамдық жұмысқа-639; жастар тәжірибесі бойынша-188;әлеуметтік жұмыс орындары -67 азамат тартылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша айтып өтсеңіз?
2021 жылға жоспар 868 отбасы (5 747 адам) бөлінген қаржы 561613,0 тенге.

2021 жыл басынан аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 691 отбасының құжаттары қабылданды. Жыл басынан аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек 481 отбасына (2 429 адам) тағайындалды (Жаңатас қаласы-372, ауыл-109)және 210 отбасының табысы жан басына шаққанда кедейлік шегінен асуына байланысты немесе учаскелік комиссияның акт қорытындысына сәйкес тағайындалмаған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен шартты ақшалай көмек 364 отбасы (1 960 адам) және шартсыз ақшалай көмек 117 отбасына (469 адам) тағайындалды.
Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар 99 адам, атап айтсақ:

Тұрақты жұмысқа орналасқандар — 11;
Қоғамдық жұмысқа тартылғандар — 13;
Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандар — 1;
Мемлекеттік грант алғандар — 74;

– Электронды еңбек биржасы enbek.kz-тің тигізіп жатқан көмегі қандай?

– Порталдың басты жұмысы – жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Енді, жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электрондық еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы беріп, бұл бар бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді.

– Арнайы білімді талап ететін мамандықтар бар ма?
– Мектепке дейінгі тәрбиеші деген мамандыққа қабылдану үшін мұғалімдік дипломы болу керек. Сол сияқты массажды оқып, үйренем деушілерге медицина бойынша білім талап етіледі.

– Ол азаматтар оқуын аяқтаған соң, жұмысқа тұру жайы қарастырыла ма?

– Егер сол мамандыққа сұраныс болып жатса, бірден қызметке тұрып кете алады. Олар оқу барысында теория мен тәжірибеден өтеді. Өздерін жақсы қырынан көрсетіп жатса, сол тәжірибеден өткен мекемелер жұмыспен қамтамасыз етіп жатады. Өйткені, ол мекемелерде ваканция міндетті түрде қарастырылған.

— Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет! Әрдайым халыққа арнаған еңбектеріңіз жемісті болсын!

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы, журналист

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.