ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

0 126
🔰Су — тілсіз жау. Жазғы демалыс уақытын суда өткізетін азаматтар үшін басты ұстанатын қағида осы. Тілсіз жауды тізгіндеуде арнайы мамандар демалушылардың қауіпсіздігі үшін қажырлы еңбектерін жұмсауда.
🔰Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков аудандық жедел құтқару жасағы қызметкерлерімен жүздесті. Кездесуде шомылу маусымын қауіпсіз әрі оқыс оқиғаларсыз өткізуге үлес қосқан бірқатар сала мамандарына алғысын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хаттарын тапсырды.
🔰 Бұл марапат – жауапты қызмет атқарып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еткен мамандарға көрсетілген құрмет екені анық. Шомылу маусымында қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және төтенше жағдайлардың алдын алуда сала мамандарының рөлі әрқашан жоғары болмақ.
Leave A Reply

Your email address will not be published.