Жамбылда 208 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылды
– Орталықта балалардың сапалы білім алуына, шығармашылық және жеке қабілеттерін дамытуына, сондай-ақ қауіпсіз әрі жайлы демалуына қажетті барлық жағдай қарастырылған. Жатын корпустары санитариялық талаптарға толық сәйкес келеді. Балалар тәулік бойы ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген, – деді Салтанат Құрманова.