Жамбыл облысында төртінші «Жайлы мектеп» ашылды
— «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда.Өткен жылы облыста 3 жайлы мектеп салынды. Биыл Тараз қаласы Шөлдала алқабында 1 және Қордай ауданында 2 жайлы мектеп ашылады деп күтілуде.Білім беру инфрақұрылымының сапасын арттыру негізгі бағыттардың бірі болып қала береді, – деді облыс әкімі.
— Менің 3 балам жайлы мектептің табалдырығын аттап отыр. Олардың заманауи жабдықталған, кең әрі жайлы ортада оқитынына өте қуаныштымын. Жаңа білім ұясында ұл-қыздарым жан-жақты дамып, жемісті жетістіктерге қол жеткізеді деп сенемін, – дейді 7 баланың анасы Майра Асылова.