Заңгер Шымкент ауруханасындағы былық-шылықтың бетін ашты

0 402

Заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде болып жатқан заңсыздықтар туралы айтты.

“Анамнан айрылдым “, деп соғылған қоңырау таң азанымен қатты соққы болды. “Сіз маған бір рет көмек беріп едіңіз ғо, есіңізде ме? Әділдікке жеткім келеді. Анамды сау қылып апарып, өлігін алып шықтым. Дәрігерлер ақша берсең ғана қарайды, тіпті телефонмен сөйлесуің , жағдайын білуің ақша. Каспий голдына аударып жағдайын біліп отырдық”, деп жылаған дауыс әлі құлағымнан кетер емес.

Прокуратураға шағым жазу керектігін айттым. Басқа не айтам, анасынан айрылып іші күйіп тұрған адамға, қаншама жұбату сөз айтсам да, орнын толтырамасы анық.

Тағы басталды халықтың жақындарынан айрылып жылауы.

Наурыз тойды жарты миллиардқа креативті тойлап алып, енді халыққа қамшылап вакцина салдырып ауруды тоқтату мүмкін емес!

Наурыз тойлағыш Шымкенттің басшылары ауруханалардың түбінде жатыңдар барып!

Нағыз халық үшін жасалған креатив сол болсын.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Асхат Жұмағали мырза ауырған адамдардың туыстары дәрігерлердің каспий голдына аударып жатыр екен. Сіздің хабарыңыз бар ма?

Ковидпен күреске дайынбыз, дәрілер жетеді дегендері қайда? Бакытжан Позилов қызметкерлеріңіз каспий голд арқылы сый ақы алып жатқанын білесіз бе?

Ақша берсең ғана жақсы қарайды, бермесең былтырғыдай өзің дәрі, кисслород тасып жүресің бе сонда?» деп жазды заңгер.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.