Ұрпаққа үлгі

0 39
23 маусым – Полиция және Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудан әкімінің орынбасары Ж. Сақыпбеков пен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ. Сәлімова құқық қорғау саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Болат Төлебаевты және мемлекеттік қызмет саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Тыныштық Бектөрееваны арнайы құттықтады.
Кездесу барысында саналы ғұмырын ел игілігі жолындағы қызметке арнаған ардагерлерге зор алғыс білдіріліп, олардың көпжылдық еңбегі мен өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өмір жолы ерекше атап өтілді.
Елге адал қызмет етіп, ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардақты азаматтарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.