Таласта жас отбасыларға қолдау көрсетілді
Отбасын қолдау орталығында «Ақ отау-бақыт бастауы» атты тақырыпта шара өтті. Жас жұбайларға отбасының қоғамдағы орны мен маңыздылығын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, отбасы институтын нығайтуға бағытталған шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, Аналар кеңесінің мүшелері, медицина саласының ардагерлері, аудан әкімдігі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шара барысында Отбасын қолдау орталығының директоры Кендия Пірман: -Отбасы-қоғамның басты әлеуметтік институты. Ол адамға өмір сыйлап, ұлттық құндылықтарды қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі арқылы мемлекеттің рухани әлеуеті артады. Еңбекке қабілетті ұрпақ өсіп, ұлттың болашағы қамтамасыз етіледі. Ең алғашқы кезекте отбасы мен некені сақтап қалудың маңыздылығын түсінуіміз керек. Өзара сыйластық, әңімелесе білу және бір-біріне кешіріммен қарау арқылы отбасын сақтай аламыз. Ерлі-зайыптылар қиындықтарды бірге көтеріп, қарым-қатынасты үнемі дамытып отыруы керк,-деді.
Шараға қатысуышлар да шаңырақтың беріктігіне қатысты пікір білдіріп, жас отбасыларына ақ тілектерін арнады.
Сонымен қатар шарада жас отбасыларына неке куәліктері салтанатты түрде тапсырылып, естелік сыйлықтар ұсынылды. Бұл игі бастама отауды жаңа көтерген жастарға рухани демеу көрсетіп, отбасы құндылықтарын қадірлеуге бастайды деп сенеміз.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар қоғамдағы отбасы институтын нығайтып, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіруге және бақытты отбасының көбеюіне септігін тигізетіндігіне үміттіміз.
Гүлмайдан Дәулетбайқызы,
отбасын қолдау орталығының психологі