Ұлттың ұлы тұлғалары ұмыт қалмайды

0 186

Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өткізді. «Тәуелсіздік-тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты оқырмандар конференциясы, «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты тақырыптық кеш, «Мы будущее Казахстана» атты интеллектуалды ойын сайысы, «Мемлекеттік негізін қалаушы: жасампаздықтың 30 жылы» атты фото көрме, «Тәуелсіздіктің тағылымды тарихы» атты тарихи кеш, «Отбасы бақыт мекенім» атты онлайн облыстық отбасылық байқауы жұртшылық жүрегінен жол таба білді.

Мына бескүндік жалғанда өнерімен де, өсиетімен де екі ғасырды тұтастыра білген жамбыл Жабаев ұлтымыздың ұлы тұлғасы. Қазақ халқы ұлы перзентіне балаған ақын, айтыскер, сазгер, жыр алыбы Жамбыл Жабаев көзі тіріснде-ақ қазаққа ғана емес, көпке ортақ тұлғаға айналған еді. Оның Екінші дүниежүзілік соғыста Мәскеу мен Ленинград туралы жазған өлеңдері, әсіресе «Ленинградтық өренім» атты туындысы оны бүкіл КСРО құрамындағы 15 республикаға танымел етті. Ақынның қала тұрғындарына жолдаған өлең жолдауы орыс тіліне аударылып, Ленинградта радио арқылы таратылып, көшелерге плакат түрінде ілінді. Алып ақынның осы үндеуі қалада үлкен патриоттық жігер тудырды. Оның шығармаларын кейіннен орыстың көптеген ақындары аударды. Сталинмен бетпе-бет жүздескен халық тарапынан аса құрметке ие Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың биыл туғанына 175 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай ауданда «Жамбыл менің жай атым…» атты поэзиялық подиум, «Жүз жасаған бәйтерек» атты портреттік кеш, «Жыр алыбы-Жамбыл Жабаев» атты поэзия кеші, «Жыр алыбы — Жамбыл» жыр шашу, «Ұлы даланың алып жыршысы» ақын айдынына саяхат, «Жүз жыл жырлаған жүрек» жыр галареясы өтті.

Ауданда Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл толуына орай да «Даланың дара ұстазы- Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында әдебиет айдыны, «Білім атасы – Ыбырай Алтынсарин» ауызша журнал, «Кел балалар оқылық…» атты буктрейлер «Дала ұстазы — Ыбырай Алтынсарин» атты танымдық вернисаж ұйымдастырылды.

Сонымен қоса адам баласына айтулы қасірет, зор апат әкелген Семей полигонының жабылғанына – 30 жыл толуына орай оқырмандарға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру мақсатында аудандық оралық кітапханада «Ядросыз әлем адамзаттың арманы» атты кездесу кеші өтті. Бұдан өзге аудандық цифрландырылған ақпараттық орталығыныда «Семей полигоны» атты беинефильм, Өндіріс ауылдық кітапханасында «Ядролық қарусыз – болашаққа» атты тарихи кеш, Бүркітті қалалық кітапханасында «Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері» атты тарихи сағат болып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.