IT мамандар ауадай қажет

0 154

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ақпараттық технологиялар саласында мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктеді. Мемлекет басшысы аталған Жолдауда: «Елге жас, білімді, ынталы кадрлар қажет. Ұлттық цифрландыру жобасы аясында кем дегенде 100 мың жоғары білікті IT мамандарын дайындау қажет», – деген еді.

Президент тапсырмасының өңірде жүзеге асуы облыс аумағындағы оқу орындарының жұмысымен тікелей байланысты анық. Одан бөлек қазіргідей білім беру жүйесінің алдына оқу бағдарламаларын жаңашылдыққа бейімдеу міндеті қойылған заманда бұл мәселе жоғары білім беретін оқу орындарының білікті кадр дайындауда өндіріспен тығыз және тиімді әрі өзара әрекеттесу арқылы шешілетіні белгілі.

Жоғары білімді кадр дайындауда облыста М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оры бөлек. Аталған білім ордасының ректоры Талғат Ешенқұловтың айтуынша бұл университеттегі ақпараттық технологиялар факультеті бакалавриаттың 10 білім беру бағдарламасы мен магистратураның 3 білім беру бағдарламасы бойынша IT мамандар дайындап жатыр екен. Жыл сайын 100-ге жуық ІТ мамандарын оқытылатын көрінеді. Олар қала мен облыстың кәсіпорындарында, республиканың бірқатар ірі компанияларында жұмысқа да орналасуда

– Өткен оқу жылында Польша мемлекетіндегі Люблин техникалық университетімен «Мехатроника» бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер оқуын бітірді. Қазіргі уақытта «Компьютерлік ақпараттық жүйелер мен технологиялар» мамандығының магистранты Губарева Регина Браганса (Португалия) политехникалық институтында қосдипломдық бағдарлама бойынша білім алуда.

Университет бірқатар цифрлық жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Мысалы «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында облыстағы этностардың интерактивті картасы, 24/7 цифрлық кітапханасы, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін үйрету бойынша онлайн Qazalipbi.kz және ттағы басқа бағдарламалар жүзеге асуда.Университеттің стратегиялық міндеттерінің бірі – «Академиялық шеберлік және таланттарды тартуды» жүзеге асырып дамытатын аймақтық жоғары оқу орны ретінде анық түсінетініміз –университет пен мемлекеттік басқару құрылымдары цифрландыру саласындағы өңір үшін маңызды жобаларды жүзеге асырмайынша, университеттің миссиясы толық орындала алмайды, – дейді ол.

Жақында университет пен облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат университет, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, кәсіпорындар, қала мен облыстың ІТ саласындағы бизнес-құрылымдары арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға өзінің айқын үлесін қосады деп күтілуде. Өйткені мұндай ынтымақтастықтың еңбек нарығының заманауи талаптарына сай, цифрландыру жобаларының әртүрлі деңгейлеріне қатысу тәжірибесі бар мамандарды даярлау және оларды жұмысқа орналастыру бағытында берері мол. Өңірдің экономиксының дамуы үшін ІТ саласындағы ірі және маңызды жобаларды бірлесіп жүзеге асырдад да алар орны айрықша. Бұл шаруалар өңірлік деңгейде де, барлық мүдделі тараптар деңгейінде де аталған меморандум арқылы реттелмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.