ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ӨТКЕН СЕНБІЛІК

0 22
🔰Серпінге толы сенбіліктің басты мақсаты экологиялық мәдениетті сақтай отырып аудан аумағына тазалық жұмыстарын жасау.
Тұрғын­дардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалып­тастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады. Бүгінде тұрақты сенбілік жұмыстары барысында күн санап көшелердің келбеті жаңаруда.
Апта сайын аудан және ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылып, аудан тұрғындары табиғат тазалығын сақтауда белсенділік танытуда. Жұртшылық «Туған жер тазалығы – баршамызға ортақ» деген ұранды ұстанып, ұйымшылдықпен сенбілікке шығып жатыр.
🔰Осы орайда бүгін аудан бойынша сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков сөз сөйлеп, тазалық жұмыстарының аудан үшін маңызды екенін тілге тиек етті.
Сенбілік барысында Жаңатас — Саудакент бағытында орналасқан «Жасыл белдеу», «Орталық саябақ» және қала сыртындағы қоқыс алаңында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.