Тұрғын емес үй-жайларға қатысты Заңға өзгеріс енді

0 126

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл бұрын жаңадан Президент болып сайлануына байланысты ұлықтау рәсімі өткен кезде ел ішіндегі бірқатар әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселені шешу уақыт күттірмейтін айтқан болатын. Сол кезде мемлекет басшысы: «Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. Белсенділік танытқан барша азаматқа алғыс білдіремін. 5000-нан көп ұсыныс түсті. Нақты айтатын болсақ, азаматтар әділдікті қалайды. Халықты толғандырған басты мәселе – табыс көзінің төмендеуі. Теңгенің девальвациясы халықты алаңдатады. Осындай әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселелерді шешу қажет. Соның бірі — тұрғын үй мәселесі. Тұрғын үйді қолжетімді ету – басты мәселелердің бірі», – деген болатын.

Бүгінде жұртшылықтың баспанаға қол жеткізуі біртіндеп жеңілдей бастады. Бұған мемлекет тарапынан қабылданып жатқан әртүрлі бағдаралар арқау болып отырғанын айта кетуіміз керек. Десе де бұрыннан басында баспанасы барлар тұрғын үйде адам тұрмағандықтан иесі өзіне тиесілі пәтері заңдастыра алмай жүргені немесе кейбір тұрғын үйлердің адам тұрып жатса да тіркеуге алынбағаны не кондоминиумге өтпегені секілді жайттар ел іші болған соң кездеседі. Енді бұл мәселе оңтайлана түскен секілді. Тарқата айтқанда үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтері туралы Заң қайта қаралды. Осыған қатысты тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастырумен айналысатын облыстық әділет департаментінің өкілі Д.Сұлтанов тұрғын жай емес үй-жайлар иелерінің кооперативтері мәселесіне қатысты жайттарды түсіндіріп берді.

Оның айтуынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңмен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42-бабына өзгерістер енгізіліпті. Осыған сәйкес кондоминиум иелері, мүлік иелері бірлестігінің немесе көппәтерлі тұрғын үй серіктестігіне кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанын таңдау міндеттеліпті. Бұл ретте аумақтық әділет органдары «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы»Заңның 6-бабына сәйкес мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырмақ.

– Заңның 2-бабының 5-тармағына сәйкес тіркелген және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтері 2022 жылғы 1 шілдеге дейін көп пәтерлі тұрғын үйді салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжаттарды қабылдау-беру актісі бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің Кеңесіне беруге, қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті, – дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.