Әулиета өңірінің әр салада әлеуеті жоғары

0 505

Әулиеаталықтардың тұрмыс жағдайының түзелуі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты екені анық. Жамбыл жерінде өндірістің өркен жаюуы, агросаланың алшаң басуы және басқа да салалардағы жетістіктер қай деңгейде? Біз осыны облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбековадан сұрап көрген едік. Аталған басқарма басшысының айтуынша, аймағымыздың осы жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы республикада алда келе жатыр екен. Нақты айтқанда, осы жылдың бастапқы 8 айының нәтижесі бойынша облысымыздың әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіші республикамен салыстырғанда жоғары.

Мысалы өңірлер арасындағы көрсеткіш пен салыстырғанда қаңтар тамыз айындағы натижеміз екінші орынды көрсетіпті. Жалпы республикалық көрсеткіш 103,9 пайыз болса, біздің облысымыздың экономикалық өсімі 105,5 пайызға тұрақтаған. Ал бұл динамика өңірімізде үш ай бойы қатарынан сақталып отырған крінеді. Аталған көрсеткіштердің орынын қаржымен есептегенде де көрсетілер деңгей жаман емес. Атап айтар болсақ, өңірлік өнімнің бірінші тоқсан кезіндегі теңгенің көлемі 416,8 миллиардты құраған. Ал бір саланың ғана тасы өрге домалап тұрған жоқ, өнеркәсіп саласы 6,2 пайызбен өсім көрсетсе, ауыл шаруашылық 1 пайыз, құрылыс 11,3 пайыз,  тұрғын үй 6 пайызға, инветиция 20,2пайызға, сауда саттығымыз 4,4 пайызға артқан. Ал көлік қойма саласындағы көрсеткіште былтырғымен салыстырғанда биыл 4,5 пайызға артық болып тұр екен.

Халықтың да әлеуметтік жағдайы мен жан басына шаққандағы табысы өткен жылғымен салыстырғанда бірнеше есе артқаны белгілі болып отыр. жалпы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде айлықтың өсуі және жұмысқа тұру маңызды болып есептелінеді. Ал облысымыздағы бұл көрсеткіштерге қарап тұрсақ, барлығы өз натижесінде оң көрсеткішпен өсіп келеді екен.

Жалпы экономикалық индикатор ларды сөйлеткенде кез-келген экономикалық статистика тілге оралатыны белгілі. Мәселен өңірдегі жұмыссыздық деңгейі, жалпы ішкі өнім немесе инфляция деңгейі экономиканың қаншалықты жақсарғанын немесе кері кеткенін көрсетіп беретін негізгі өлшемдердің бірі. Сол секілді кәсіпорындардағы тауарлы-материалдық қор көлемі, оның өтімі де жетекші экономикалық көрсеткіш болып табыладтыны анық. Өйткені олар тұтынушылық сұранысты қанағаттандыра аламас немесе сұранысқа сай болмаса оның да пайдасы шамалы. Жаңа құрылыс, оның ішінде жаңа үй салу, оның тұрғындарға баспана ретінде үлестірілуі, жұртшылықтың жұмыспен қамтылып, салықтық немесе өзге де түсімдердің көлемі ұлғаюы экономикаға оң әсер етеді. Осы тектес салалар жандандырылмай, бөрікті аспанға ату ерте. Осы орйда өз өңірімізге қайта орлсақ, жамбыл облысы жалпы алғанда эконикалық өсімге қол жеткізгенімен, өңірлер бөлінісінде төмен деңгейді көрсеткен салалар да жоқ емес. Әйтсе де жыл соңына дейін олқылықтың орнын толтыруға әлі уақыт бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.