Тыйым салынған заттар табылып тәркіленді

0 68

Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелердегі туысқандары мен жақындарына сәлемдеме әкелушілер үшін тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасағандарға қолданылатын жаза жайлы жазбаша ескертпелер көрнекі жерде ілініп тұрады. Соған қарамастан, сотталғандар мен тергеудегі азаматтарға тыйым салынған заттарды жасырын түрде өткізуге тырысатындар көптеп кездеседі.
Соның бірі 2026 жылдың 08 маусымда сағат 12:30 шамасында жедел ақпарат бойынша №67 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдап алу бөлмесінің жауапты қызметкерлері сотталғандарға азық-түлік өнімдерін қабылдау кезінде азамат А-дан тыйым салынған заттарды тауып алған. Атап айтқанда 3 (төрт) дана ұялы телефон табылды, 3 (екі)дана қуаттағыш, 1 (бір) дана құлақ қап, Wi-fi роутер 1 (бір) дана табылып тәркіленді. Нәтижесінде ұсталған А есімді азаматқа Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы қылмыстық кодекстің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, барлық құжаттар сотқа жіберілді. Аталған фактілер бойынша мекеме басшылығы күнделікті түрде жеке құрамға нұсқаулық жүргізіп және келуші азаматтарға құқтарын тұрақты түрде түсіндіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.