Талапқа бағынбаған айыппұл арқалайды

0 95

Былтырдан бері коронавирусқа инфекциясының өңірімізде бірде өршіп, бірде төмендеуіне байланысты шектеу шаралары да бірде күшейтіліп бірде жеңілдетілу үрдіске айналған. Мақсат індет ушыққанда оны ауыздықтау, жағдай қалыпты деңгейге түскенде жұртшылықтың напақасын табуына мүмкіндік беру. Осындай режимге енуіміздің арқасында өңірде эпидахуал дәл қазір тұрақты. Індет жұқтырғандар саны да біртіндеп азайып келеді. Дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында дертке шалдыққандардың дені аяққа тұруда. Әйтсе де жағдай бізге босаңсуға болмайтынын көрсетіп отыр. Былтырғы шілде айында болған жағдайға қайта жол бермеу үшін барлық кемшілік пен олқылықтың орнын толтырудың арқасында жағдай қалыпты болып отырғаны даусыз.

Өіңрде 16 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясына бір тәулікте 171 адам шалдығыпты. Аурухана төсегіне таңылғандардың 17 тамызда 50-і үйіне қайтарылған. Бір күнде бірнеше адамның бойынан індет анықталуы жақсылық емес. Мамандар вирустың таралуының басты себебі тұрғындардың карантин талаптарына бағынбауынан деп отыр. сақтық шаралары мен карантин талаптарына бағынбаудың салдары індеттің күшеюіне түрткі болуда.  Мәселен жыл басынан бері санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзғандарға 835 миллион теңгеден астам сомада 705 айыппұл салыныпты. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін облыстағы 71 кәсіпкерлік объектілерінде карантиндік шараларды қасақана бұзу фактілері анықталған. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 59 миллион теңгеден асатын айыппұл салумен 262 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір айта кетерлігі бойында індет белгісі бар бірақ жағдайы жақсы немесе ауырған адаммен контактіде болған азамат есепке алынып, дәрігерлердің бақылауында болады. Осы ретте үй карантинін бұзатын адамдар да жоқ емес. Өзінің, маңайындағы адамдардың денсаулығын ойлау, өміріне қауіп төндірмеу әр азаматтың барызы. Егер үй карантинін елемеген адамдар болса, олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын есте ұстауы қажет. Халық көп жиналатын мекемелер мен нысандарда «Ашық» бағдарламасы орнатылған және үй карантинін бұзғандар дәл осы «Ашық» арқылы анықталатынын әркім есте ұстауы керек.

– Кафе, бар, мейрамхана іспетті кәсіпкерлік бағыттағы адам көп жиналатын нысандар жиын-той өткізуді доғарар емес. Өңірде сондай нысандардың заңға бағынбағаны үшін бірқатарына шара қолданылды. Сот шешімімен 15 нысан өз қызметін тоқтатты. Атап айтсам, Salvador, MFashiоn, GQ, Koala кафесі, Марко Поло кафесі, Tropkana кафесі, Disco-80-90 кафесі, Toy duman мейрамханасы, «Гаугартас» мейрамханасы, «Golden Hall» мейрамханасы, « Park Palace »кафесі,« Самурай »ойын клубы,« Севинч»мейрамханасы өз жұмысын тоқтатып отыр, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.