Суды үнемдегеннен ұтылмаймыз
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Бердібек Сапарбаев екі ел үкіметінің арасындағы өзара келісімнің нәтижесінде, бүгінде Қырғызстаннан секундына 18 текше метр су тұрақты түрде түсіп отырғанын жеткізді.
— Биыл жауын-шашынның аз түсуі шаруалар үшін қолайсыз болғаны белгілі. Дегенмен, босқа даурығуға негіз жоқ. Бар суды ұтымды ұқсатып, ысырап қылмай, үнемдеп, тиімді пайдалана білсек, вегатациялық кезеңді ойдағыдай өткеруге мүмкіндік жеткілікті. Бұл орайда маңыздылығына қарай егістік алқаптарға суды кезегімен жіберіп, реттеп отыру керек. Жоңышқаның үшінші-төртінші орымына қол жеткізу, қант қызылшасының да ылғалсыз қалмауына айрықша ден қойыңыздар. Бастысы, егілген өнім далаға кетпеуі тиіс,-деді облыс әкімі.
Бұдан соң, Бердібек Сапарбаев іргедегі «ҚазСуШар» РМК облыстық филилы мекемесінің қызметімен және жолай Байзақ ауданы Тастақ тұрғын алабындағы Байзақ ЛОК су торабының жұмысымен, Бурыл ауылындағы «Яшар» шаруа қожалығының 25 гектар қант қызылшасы алқабымен танысты.
Аталған ауылдық округінде «GRAND FOODS PREMIUM» ЖШС көкөніс консервілеу цехы мен сыйымдылығы бес мың тонна болатын сақтау қоймасының құрылысын жүргізген. Жоба құны – 500 млн теңге. Бұл туралы серіктестік басшысы Жалил Аббосов тілге тиек етті.
Заманауи технологиялармен, тоңазытқышпен қамтылған қойма ағымдағы жылдың қыркүйек айында, ал концервілеу цехы келер жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосылады деп күтілуде.
Айта кетейік, бүгінде Байзақ ауданы аумағында барлығы 16 көкөніс сақтау қоймасы бар, олардың жалпы сыйымдылығы 34 мың тоннаны құрайды.
Бұдан соң Бердібек Сапарбаев Көктал ауылындағы «АЛЛЕЛЬ АГРО» АҚ Жамбыл филиалының жұмысына қанықты.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізген кәсіпорын биыл 3,5 мың тонна құс етін өндіруді жоспарлап отыр. 2024 жылға қарай жылдық қуаттылығын 44 мың тоннаға дейін жеткізу көзделуде.
Облыс әкімінің жұмыс сапары Жамбыл ауданындағы Аса су торабының жай-күйімен танысумен түйінделді. Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, суармалы суды үнемді пайдаланудын маңыздылығын тағы да баса айтып өтті.



