Түркістан облысында “Мұғалім болу үшін 1 миллион теңге бердім” деген әйел шу шығарды

0 202

Әйелдің сөзінше, ол мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарына ақша мен қажетті құжаттарды тапсырғанымен, уәде етілген жұмыс орны берілмеген.

Кадр из видео

Түркістан облысының Кентау қаласында мектепке жұмысқа орналасу үшін 1 миллион теңге бергенін айтқан әйел білім ошағының әкімшілігіне қатысты шағымын жария етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әйелдің сөзінше, ол мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарына ақша мен қажетті құжаттарды тапсырғанымен, уәде етілген жұмыс орны берілмеген.  Даулы жағдайды заңгер Ләззат Асанова тараптардың қатысуымен талқылаған. Кездесу барысында Кентау қаласындағы №14 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары ақша алғанын жоққа шығарды.

Шағымданушының айтуынша, ол жұмысқа орналасу мәселесі бойынша мектеп өкілімен сөйлесіп, кейін қолына конвертке салынған 1 миллион теңге берген. Әйелдің сөзінше, оған бастауыш сынып мұғалімі ретінде тұрақты сағат берілетіні айтылған.

«Осы кісінің қолына конвертке салып бердім. “Болады, өзімнен хабар күт” деді. Осы уақытқа дейін күттім. Бір айдан асты. Мен Құдайдай сенетін адаммын. Бірақ 14-мектепте сағат өзімізге жетпей жатыр деген хабар жетті», – дейді әйел.

Ол ақша бергенін растайтын дәлелдері бар екенін және WhatsApp-тағы хат алмасулар сақталғанын мәлімдеді. Сонымен қатар әйел ақша аударымын да көрсеткенін айтты.

Ал мектеп өкілі өзінің ақша алмағанын айтып, жағдайды басқаша түсіндірді. Оның сөзінше, ол әйелге нақты жұмысқа орналасуға уәде бермеген, тек бос сағат мәселесін сұрастырып көруге келіскен.

«Мен ешқандай уәде жасаған жоқпын. “Көрейін, сұрастырып көрейін” дедім», – деді мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Кездесу кезінде тараптар арасында ақша мен құжат мәселесіне қатысты пікірталас болды. Шағымданушы «егер ақша алмаған болсаңыз, құжаттарды не үшін алдыңыз?» деп сұрақ қойды. Мектеп өкілі құжаттарды директорға беру және мәселені қарастыру үшін алғанын түсіндірді.

Жанжал барысында әйел 1 миллион теңгесін қайтаруды талап етті.

«Маған миллион ақшаны қайтарасыз. Мен сол күні кредит шешкенмін. Маған ақшаны қайтарсын, болды», – деді ол.

Кездесуге қатысушылардың сөзінен мектептегі мұғалімдерге оқу сағаттарын бөлу мәселесіне қатысты да түсініспеушілік болғаны байқалады. Мектеп өкілдері кей сыныптардың мұғалімдер арасында алдын ала бөлінгенін айтқан.

Әйел бұл жағдай бойынша өзінің құқықтарын қорғау үшін тиісті органдарға жүгінетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерінен жағдайды тексеруді сұрады.

Қазіргі таңда тараптардың қайсысының сөзі шындыққа сәйкес келетініне қатысты түпкілікті қорытынды жасауға ерте. Ақша беру дерегі, оның қандай мақсатта берілгені және жұмысқа орналастыру туралы келісім болған-болмағанын тиісті тексеру орындары анықтаған жөн.

Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.

qaz365.kz

Кадр из видео

Leave A Reply

Your email address will not be published.